Кейбір тілдердегі академиялық грамматика жазу дәстүрі: ғылыми аппараты, құрылымы мен рәсімделуі
Қаралымдар: 346 / PDF жүктеулері: 929
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-140-3-114-128Кілт сөздер:
академиялық грамматика, морфология, синтакис, сөзжасам, грамматика тарихы, қазақ грамматикасы.Аңдатпа
Академиялық грамматика – қазақ тілі грамматикасын зерттеп, ғылыми деңгейге көтерген ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесі, іргелі еңбектердегі танымал ғылыми ойлар мен тұжырымдардың жиынтығы. Академиялық грамматика қазiргi тілді жеке- жеке конгломераттар жүйесi ретінде емес, бiр-бiрiмен тығыз байланысты, тiлдегi бар сөздердiң, сөз формаларының, сөз тiркестерiнiң, сөйлемдердiң органикалық тұтастықпен түзiлiсiн тiлдiк заңдылықтар негiзiнде қарастыруға негізделеді. Айталық, морфологияның кейбiр қиын мәселелерi синтаксистiк, сөзжасамдық негiзде түсiндiрiлсе, сондай-ақ осы деңгейлердің аражігі барынша ғылыми түрде ажыратылса, грамматикалық тұлғалардың табиғаты, мағынасы толығырақ ашылып, қиындықтар азая түседі. Бұл, бiр жағынан, морфологияның тiлдiң бір грамматикалық деңгейi болуымен, ал грамматикалық деңгейлердiң ендi бiрi – синтаксис болуымен байланысты болса керек. Кейбiр грамматикалық тұлғалардың мағыналары лексикалық мағынаның көмегiмен айқын бола түседi. Яғни тiл жүйе, тiл тұтастық деген қағида жайдан-жай туындамаса керек.
Адамзат тарихында 2500 жыл бұрын басталған грамматиканы жазу дәстүрі әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бүгінгі ТМД елдерінде академиялық грамматиканы жариялау белді бағытқа айналған. Грамматиканы жазудың әр тілде әртүрлі дәстүрі мен жинастыру, ұсыну амалдары бар. Соларды салыстырып, озық үлгілерін анықтап, грамматиканы жазудың заманауи құралдарын табу аталмыш мақаланың мақсаты болып саналады. Мұның нәтижелері 2022 жылы жарық көру жоспарланған «Қазақ грамматикасына» пайдаланылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




