Модальділік санатының көркем мәтін құрылымындағы белгілері
Қаралымдар: 226 / PDF жүктеулері: 539
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-63-70Кілт сөздер:
модальділік, модальді мәндер, модальділік құрылымы, мәтін, шумақаралық байланыс, семантикалық желіАңдатпа
Модальділік санатын функционалды синтаксис деңгейінде, мәнмәтін, тұтас
мәтін аясында салыстыра талдау аса маңызды. Бұл бағытта аталған құбылыстың өзіндік
құрылымы бар, күрделі заңдылықтардың қатарындағы тілдік табиғатын айқындауға,
дербес теориялық мәселелерін тұжырымдауға қол жеткізе аламыз. Ұсынылған ғылыми
мақалада поэма мәтініне сүйене отырып, модальділік санатының құрылымдық жүйесіне
талдау жасалады. Нәтижесінде модальді мәнді өзектендіретін сөйлемдердің
семантикалық байланысы арқылы тұтас шығармадағы модальді құрылымдардың ішкі
мағыналық-құрылымдық байланысы қалыптасатыны сараланады. Мәтін құрылымында
мұндай сөйлемдердің мақсатты қызмет атқаратыны, олардың өзара семантикалық
байланысты қатаң сақтап, интеграция құбылысына бағына қозғалып, мағыналыққұрылымдық жақтан бірігуге, тиянақталуға ұмтылатыны дәлелденеді. Сонымен қатар,
субъективті көзқарасты өзектендіретін аталған құрылымдардың мәтін деңгейінде
көлденең және тікелей байланыс түзетіні нақты мысалдармен айқындалады. Модальділік
санатының белгілерін функционалдық негізде салыстырып, мәтін деңгейінде субъективтік
модальді мәнді өзектендіретін сөйлемдердің ерекшелігін, мағыналық-құрылымдық жақтан
олардың тиянақталып отыратынын, яғни, тұтасуға ұмтылуын дәйектеу әлі де өзекті
мәселелер болып табылатынына, бұл бағытта тереңірек зерттеулердің қажеттілігіне
назар аударылады. Бұл мәселелер нақты ғылыми зерттеулер деңгейінде салыстырылып
тұжырымдалады. Сондай-ақ, субъективтік модальді мәннің үнемі ашық тірек
құрылымдармен жасала бермейтіндігі тілдік деректермен дәлелденіп, поэма мәтініндегі
астарлама қызметін атқаратын грамматикалық бірліктердің когнитивтік
функциясына, сол арқылы функционалды бағыттың когнитивтік бағытпен байланысына
ғылыми талдаулар жасалады. Поэма құрылымында «өмір» сөзінің когнитивтік
мағынасынан тараған семантикалық желілер арқылы автор өзінің өмір жолының
кезеңдерін астарлы суреттеп, «өмір-арман», «өмір-күрес», «өмір-үміт» сияқты ішкі
субъективті көзқарасын стилистикалық бояумен жеткізе алғаны сөз болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




