Аудиовизуалды аударманың ерекшеліктері мен негізгі мәселелері
Қаралымдар: 516 / PDF жүктеулері: 1389
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-191-197Кілт сөздер:
аудиовизуалды аударма, субтитрлеу, дубляж, экстралингвистикалық факторлар, баламасыз лексика, әзіл аудармасыАңдатпа
Бұл мақалада аудиовизуалдыаудармақызметініңжекетүріретінде,оның ерекшеліктері
мен қиындылықтарына арналған. Аудиовизуалды аударманың теориялық негіздеу тақырыбына
және оның кең таралған түрлеріне ерекше назар аударылады. Мақалада дубляждау және субтитрлеу
тұжырымдамасының мазмұнын ашып, аудиовизуалды аударманың осы түрлерінің қайсысы
қолайлы екендігін қарастырады. Аудиовизуалды аударма аудармашыларының проблемалары
ерекшеленеді және сипатталады. Аудиовизуалды аударма саласындағы зерттеулер академиялық
мақсатта аударманы оқу мен оқытуды айтарлықтай кеңейтеді. Бұл салаға қызығушылық дубляж, субтитр және сонымен бірге аудиовизуалды аударманың дидактикасындағы лингвистикалық
аспектілерді зерттеудің көбеюіне әкеледі. Автор аудиовизуалды аударудың ерекше қиын екендігіне
және бұл аудармада тілдік эквивалент артта қалуы мүмкін деген қорытындыға келді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




