Мәмлүк-қыпшақ тілінде діни мазмұнда жазылған ортағасырлық жазба ескерткіштердің (ХІІІ-ХV ғ.) зерттелу мәселелері
Қаралымдар: 340 / PDF жүктеулері: 756
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-140-3-82-94Кілт сөздер:
Мәмлүк-қыпшақ тілі, араб тілі, діни-дидактикалық жазба ескерткіштер, ортағасырлық қолжазбалар, дәстүрлі ислам.Аңдатпа
Мақалада мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған діни-дидактикалық ескерткіштердің зерттелу деңгейіне шолу жасалып, ортағасырлық қолжазбаларды зерттеуде кездесетін мәселелер сөз болады. Қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштердің ғылымда қалыптасқан жіктеу үлгілері көрсетіліп, мәмлүк-қыпшақ тіліндегі еңбектер мазмұндық жағынан топтастырылып беріледі. Болашақ зерттеушілерге қолжетімді болу үшін ғылымда белгілі мәмлүк-қыпшақ тіліндегі қолжазбалар алғаш рет бір жерге жинақталып, олардың барлығына қысқаша ғылыми сипаттама, ал теологиялық ескерткіштерге қатысты нақты мәліметтер беріліп, зерттелу деңгейіне талдау жасалады.
Бүгінгі жаһандану заманында ұмытыла бастаған мыңдаған жылдық тарихы бар бабалар мұрасын қайтадан жаңғырту негізінде қазіргі отандық ғылымда ұлтымыздың тарихы, мәдениеті, наным-сенімі, діни ұстанымдары туралы ортағасырлық қолжазбаларды тауып, елге әкеліп, кешенді түрде зерттеу арқылы ұлтымыздың өткен тарихын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жазба ескерткіштердің арасында ХІІІ-ХV ғасырларда дүниеге келген мәмлүк-қыпшақ тіліндегі қожазбалардың, әсіресе діни сарында жазылған еңбектердің алатын орны ерекше. Бұл мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер тек Мысыр қоғамына қатысты емес, жалпы түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, наным-сенімін, діни ұстанымын зерттеуде құнды дереккөз болып табылады.
Зерттеу жұмысы ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруымен №AP09058201 «Иршәдул-мулук уәс-салатин» ескерткішіндегі (ХІV ғ.) теолингвистикалық кеңістік» атты ғылыми жоба аясында орындалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




