Literary heritage of Bazar zhyrau
Қаралымдар: 292 / PDF жүктеулері: 815
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-150-160Кілт сөздер:
Сыр сүлейлері, жырау, ақын, әдебиет, толғау, жыр, дастанАңдатпа
Қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар Бaзaр Оңдaсұлы шығармалары да ұлттық әдебиеттің көркемдік мұрасы болып табылады. Бұл мақалада Базар
мұраларының ұлттық сипаты мен көркемдік ойлау деңгейі айқындалады, Базар толғауларындағы дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы бағаланады. Базардың өзіндік ойлау,
сөйлеу өзгешеліктері, дүниетаным болмысы танылады. Бaзaр жырaу толғaулaрын жіктеудің негізінде оның ішкі бірнеше түрлері айқындалады.
Қалыптасқан әдеби дәстүрмен Базар жыраудың байланысы дәйектеліп, қазақ әдебиетіндегі орны талданады.
Тарихымыздағы таңдаулы тұлғалардың жас ұрпақ жадынан ұмытылып кетпеуіне күш
салу ғылым мен мәдениеттің міндеті ғана емес, аға ұрпақтың адамгершілік парызы. Тарихи тағдырлас, түркі тілді халықтар әдебиетінің өзара байланысы, сан ғасырлар бойы
үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығы сөз болады. Ұлттық әдебиетімізге Шығыстың
да Батыстың да, жалпы, әлем елдерінің әдебиетінің ықпалы, тигізген әсері мол болған.
Мақалада Базар жыраудың дастан жазудағы ерекшелігіне назар аударылып, теориялық
талдау жасалады. Қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар Бaзaр Оңдaсұлы
шығармалары да ұлттық әдебиеттің көркемдік мұрасы болып табылады. Шығыстық
өркениет пен әдебиет дәстүрін меңгере отырып жазылған шығармаларының гуманистік идеялары, адамгершілік сапалары насихатталған туындыларының тәрбиелік мәні,
эстетикалық маңызы сараланған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




