Абай өңірі топонимдерінің этимологиялық ерекшеліктері
Қаралымдар: 209 / PDF жүктеулері: 373
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-71-78Кілт сөздер:
ономастика, топонимика, этнотопоним, этногидроним, этноороним, антропоним, макроэтнонимАңдатпа
Қазіргі таңда топонимика саласы географиялық атауларды этимология,
лингвистика, тарих және география тұрғысынан зерттеп, белгілі бір халықтың өткен
тарихынан мол ақпарат беретін интегралды ғылымға айналып отыр. Яғни,
топонимикалық бірлікті талдау кезінде географиялық атаудың шығу тегіне, жасына,
тарихына және грамматикалық құрылымына назар аударылады. Топонимдердің
грамматикалық құрылымына сәйкес, басқа тілдік бірліктер сияқты, қалыптасу
процесінде тілдің фонетикалық, морфологиялық және сөзжасамдық ережелерін
ұстанады. Сөзжасамдық құрылым тұрғысынан оларды «қарапайым», «туынды» және
«күрделі» деп үш түрлі құрылымдарға бөлуге болады. Топонимдік атаулар қарапайым
халықтың күнделікті тұрмысының, тарихи әлеуметтік, лингво-мәдени
аспектілерінің бейнесі ретінде қарастырылатындықтан, халықтың күнделікті
өмірімен астасып жақтан өңірдегі тарихи оқиғалар, тарихта орын алған тұлғалар,
өңірдің географиялық ерекшелігі топоним жасаушы негізгі белгілер ретінде танылады.
Мақалада Абай өңірі топонимдерінің шығу тарихы этимологиялық аспектіде
қарастырылып, сөзжасамдық, типологиялық құрылымдары, лексика-семантикалық
ерекшеліктері, даму динамикасы, ұқсастықтары салыстырылады. Абай өңірі
топонимикалық жүйесінде этнонимдердің, ру-тайпа атауларының, тарихи тұлға
аттарының, аңыздық кейіпкерлер есімдерінің көптеп кездесуі назарымызды аударып,
өңір топонимикасын тарихи аспектіде зерделеуге түркі болды. Мақаланы зерттеудегі
басты мақсат Абай өңірі топонимдерін тарихи-лингвистикалық тұрғыдан зерттеп,
олардың шығу тарихын жүйелеу.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




