Ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі коронавирус пандемиясына қатысты өзгерістер
Қаралымдар: 303 / PDF жүктеулері: 285
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-32-39Кілт сөздер:
неологизмдер, сөзжасам, коронакризис, пандемия, тіл дамуыАңдатпа
Әрбір тілдің үнемі дамып, өзгеріс үстінде болатыны белгілі. Неологизмдер
– тілдің сөздік қорын дамытып, тілді жаңғырту құралдарының бірі. Тілде неологизмдердің
пайда болуы – тілдің дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі бүкіл әлемді қамтыған
коронакризистің де барлық тілдерге тигізген әсері зор. Ағылшын тілі – жаһандану мен даму
тілі болғандықтан әлемдік өзгерістерді бірінші болып қабылдайды. Коронавирустың бір қыры
ретінде осы пандемияға байланысты қазақ және орыс тілдерінде пайда болған ағылшын
неологизмдерін - коронакоиндерді атауға болады. Бұл мақалада неологизмдердің
анықтамасы және жасалу жолдары талқыланды. Пандемия уақытында пайда болған
неологизмдер тізбесі және олардың тілдегі даму тенденциясы көрсетілді. Елдегі кез-келген
кризис сол елдің тілінің дамуына түрткі болары сөзсіз, ал бұл коронакоиндардың тілге сіңуі
әлі белгісіз, дегенмен олардың көпшілігі бізбен қалары анық.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




