Палестиналық жазушы И.Азимнің «Жоғалу коды» романының көркемдік ерекшеліктері: жарақат теориясының деколонизациясы
Қаралымдар: 234 / PDF жүктеулері: 220
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-148-158Кілт сөздер:
жарақат теориясы, Накба (апат), көркемдік ерекшеліктері, деколонизация, ұжымдық жады, қарсылықАңдатпа
Тарихи қатысу құқығын жоғалту және Аля отбасын мазалайтын травматикалық тәжірибе
тиесілілік пен бірегейлік анықтамаларын қиындатады. Бұл ұғымдар мен Палестина тарихының ауыр
жады палестиналық жазушы Ибтисам Азимнің 2014 жылы шыққан «Жоғалу коды» романында қайта
қарастырылған. Бұл мақала осы романның көркемдік ерекшеліктерін қарастырады және палестиналық
тәжірибені түсіндіруге қатысты жарақат теориясына күмән келтіреді. Теорияның өзектілігі басты кейіпкерлердің бейнелерін іздеу үшін де бағаланады: Израильде тұратын палестиналық Аля және оның
әжесі, 1948 жылғы Накбаның негізгі куәгері. Жарақат теориясы бойынша әдебиеттерге қысқаша шолу
жасалды, сондай-ақ осы жарақат теориясына еуроцентристік көзқарастың кемшіліктері талданады, психологиялық реализм жанрында жазылған Ибтисам Азимнің «Жоғалу коды» романына негізделген палестиналық тәжірибеге қатысты жарақат теориясын деколонизациялау мүмкіндігі қарастырылады. «Жоғалу коды» романына сәйкес, жарақаттаушы оқиғалар кейінгі палестиналық ұрпақтарға беріледі
және осылайша Израильдегі азшылықтың ұлттық болмысын сақтайды. Бұл азшылық халықтардың, атап
айтқанда палестиналықтардың жеке және ұжымдық жадының жойылуына травматикалық естеліктердің
қалай қарсылық көрсету нысаны бола алатынын көрсетеді. Палестина тәжірибесін жеткізу және, біздің
ойымызша, жарақат теориясын деколонизациялау үшін жазушы психологиялық реализмнің келесі
көркемдік ерекшеліктерін пайдаланды: кейіпкерлердің ішкі өміріне, олардың ойларына, сезімдеріне,
тәжірибелеріне назар аудару, ал роман сюжеті олардың шынайы ішкі жан дүниесін ашуға негіз болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




