Қазіргі заманғы гуманитарлық зерттеулер парадигмасындағы көркем мәтіндерді аудару модельдері мен әдістері
Қаралымдар: 226 / PDF жүктеулері: 303
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-129-136Кілт сөздер:
аударма теориясы, аударма моделі, көркем аударма, лингвистикалық тәсіл, салыстырмалы талдауАңдатпа
Мақалада аударма ісі саласындағы іргелі мәселелер мен практикалық аспектілеріне қатысты даулы сұрақтар қарастырылған. Сондай-ақ, ұсынылған жұмыста аударма барысындағы моделдеу үрдістері мен көркем әдеби мәтінді аударуда қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер сипатталады. Автор мысал ретінде Д. Хармстың “Случаи” (ауд. Cases, Жағдаяттар) шығармасын, яғни оның кәріс тіліне
аударылған үзінділерін келтірген. Бұл мысал аудармашы жұмыс барысында творчествалық тәсілдерді
қаншалықты ұтымды әрі шебер қолданғанын көрсетеді. Сәйкесінше, түпнұсқа мен аударылған мәтінді
салыстыра отыра сараптау бізге аудармашы көркем-әдеби мәтінді аударғанда қандай моделдерге сілтеме істеп отырғаны туралы бастапқы қортынды жасауға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде түпнұсқаның
өзіндік ерекшелігін сақтап қалуға, сондай-ақ, аударма мәтінінің оқырманға деген мағыналық тұрғыдан
толыққанды жеткізілуіне жәрдемдеседі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




