Абай шығармаларындағы антонимдердің тілдік табиғаты
Қаралымдар: 257 / PDF жүктеулері: 854
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-35-42Кілт сөздер:
антоним сөздер, лексикалық антонимдер, фразеологиялық антонимдер, қарама-қарсы мәндерАңдатпа
Мақалада антонимия құбылысы тіл-тілдің барлығына тән универсалды, тілдік, стильдік және логикалық табиғаты күрделі құбылыс екендігі және оның
тілдегі, көркем әдебиеттегі қолданыс аясы жайында баяндалады. Автор Ұлы Абайдың
шығармалары негігінде антонимиялық қарама-қайшылықтардың тілде және көркем
әдебиетте тілдің эстетикалық сипатын жүзеге асыру мақсатында жиі қолданылатын
ерекше көркемдік құралдардың бірі екендігін жан-жақты сипаттаған. Аталмыш мақалада, сондай-ақ, сөз зергері Абайдың өзін қоршаған әлеуметтік ортаны, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, адамдардың түрлі мінез құлықтары мен іс-әрекеттерін сипаттауда тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер мен сөз оралымдарын аса
ұқыптылықпен сұрыптап ала отырып, кеңінен қолдана білгендігі баяндалады. Сонымен
қатар, мақалада тілдегі антонимия құбылысының антитеза, диатеза, акротеза, альтернатеза, амфитеза, антиметабола, оксюморон сипатындағы түрлері және олардың
стиьдік қызметтері ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздері негізінде жан-жақты қарастырылған. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиеті тарихындағы бұрын соңды болмаған,
ақынның тереңнен толғанған озық ойларының туындысы және аса құнды әдеби мұра
болып табылады. Бұл туындылардың өзіндік тілдік және стильдік ерекшеліктері мол,
әрі сан қырлы. Мақалада Абайдың бірнеше қара сөздері стильдік тұрғыдан талданып,
ақынның өмір құбылыстарын бейнелеп суреттеу немесе баяндап жеткізу, адамның
ішкі жан дүниесін, психологиясын ашып көрсетуде антонимдік қарым-қатынастағы
сөздер мен сөз тіркестерін ұтымды да шебер қолданғандығы қарастырылған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




