Қазақ, қырғыз және қарақалпақ мақал-мәтелдерінің семиологиялық табиғаты
Қаралымдар: 258 / PDF жүктеулері: 351
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-24-34Кілт сөздер:
түркі тілдері, мақал-мәтелдер, паремиологиялық мағына, паремиосема, семантикалық құрылым, денотат, эксплицитті мағына, имплицитті мағына, семиологияАңдатпа
Мақал-мәтелдер семантикасын жан-жақты зерттеу халықтың тұтас
болмысын танытатын маңызды мәселе. Мақалада қыпшақ тобына жататын қазақ,
қырғыз, қарақалпақ мақал-мәтелдерінің тілдік жүйедегі семиологиялық табиғаты
салыстырмалы тұрғыдан сараланады. Паремиалардың семантикалық өрісі мақал-мәтелдердің ішкі құрылымындағы паремиосемалардың көп деңгейлі көп функциялы
компоненттерінің жиынтығы таңбалаушы және таңбаланушы белгілер арқылы қалыптасатыны нақтыланады. Күрделі тілдік таңба болып табылатын мақал-мәтелдер семантикасының өзек компоненті мен шеткері-жанама компоненттерінің шегі
ажыратылып, біртұтас паремиологиялық мағынаның ерекшеліктері анықталады.
Мақал-мәтелдердің мазмұнындағы эксплицитті және имплицитті мағыналардың
таңбалану ерекшеліктері айқындалады. Паремиялардың ішкі құрылымындағы таңба
мен таңбаланушы ұғым арасындағы байланыс мақалды қолданушының мақсаты мен
жағдаятқа қатысты талданады. Біртұтас паремиологиялық мағынаның таңбалануы
мақалдың сыртқы құрылымындағы лексемалардың семантикалық өрісі негізінде (зат
пен зат, зат пен оның қасиеттері т.б.) жүзеге асатыны көрсетіледі. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні мен дәйектемелік-дәлелдемелік мәні әлеуметтік өмірдің, жалпы
қоғамның тұтас жүйесіне қатысты айқындалады. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ тілдерінде паремилогиялық параллельдердің өте жиі кездесуі, олардың күрделі лингвистикалық
бірлік ретінде бірдей таңбалануы туыс халықтардың тұрмысы мен салт-дәстүрінің,
өмірлік ұстанымдарының ортақтығы жалпы қыпшақтық дүниетаным тұрғысынан
сипатталады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




