Көркем шығармадағы бейнелілік призмасы
Қаралымдар: 265 / PDF жүктеулері: 476
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-126-133Кілт сөздер:
өнер, құбылыс, руханият, шығармашылық, көркемдікАңдатпа
Өнер – адамзат өміріндегі ерекше, бірегей құбылыс. Ол ежелден бері адамның рухани болмысына қызмет етіп келеді. Шынайы өнердің ғұмыры шексіз, ол қай дәуірдің де ерекшелігіне кірігіп, уақыттан тыс жасай береді. Өнерге шығармашылық сипат тән. Сондықтан да өнерде үнемі көркемдік қиялға, болжамға орын беріледі. Әдебиет – көркем шығармашылық түр. Сөз өнерінің болмысы басқа өнер түрлерімен ықпалдаса отырып, олардан ерекшеленеді. Әдебиет сөз өнері деп аталғандықтан, онда сөздің барлық қасиеті жан-жақты ашылады. Сөздің қарым-қатынас құралы болумен қатар, эстетикалық, әлеуметтік сипаты да бар. Себебі, әдебиет тұтас мәтін құрылымын орнықтырады. Көркем шығарманың бейнелілік-тілдік сипаты қаламгердің шығармашылық ерекшелігінен, дәуір сипаты мен туындының табиғатынан шығады. Көркем шығарманың тілі жазушының дербес сипатын анықтаумен қабат, жалпы ұлттық тілдің байлығын айғақтайды. Суреткер оқырманына туындысының өнер ретіндегі эстетикалық болмысын танытуды мақсат етеді. Әдебиетте көркем таным, қиял, суреткерлік ерекшелік, шығармашылық болмыс үндесіп, адам өмірі мен қоғамды көркемдік тұрғыда зерттеуді нысан етеді. Сондықтан да әдеби туындының көркемдік бейнелеу, стильдік-тілдік жүйесі басты орында тұрады. Көркем туындының көркемдік-бейнелілік ерекшелігі – жалпы филологиялық талдаудың өзекті мәселесінің бірі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




