Моңғол тілі дыбыстарының махбод теориясы бойынша жіктелуі
Қаралымдар: 270 / PDF жүктеулері: 307
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-15-24Кілт сөздер:
Махбод, «ұлы бес элемент», Ежелгі Үнді тіл білімі, моңғол тілі дыбыстарының жіктелімі, «достасатын» және «жауласатын» дыбыстар, дыбыстау мүшелеріАңдатпа
Мақалада Ежелгі Үндістанда заттардың және табиғаттың сан алуан құбылысын түсіндіріп келген махбод теориясының тіл білімінде де қолданылғандығы баяндалады. Бұл теория буддизм арқылы моңғол халқының наным-сеніміне ғана емес, тіл танымына да әсер етті. Сондықтан ең әуелі «ұлы бес элемент» деп аталатын терминнің және моңғол дәстүріндегі махбод теориясының негізгі мән-мағынасы талданады.
Моңғолдың дыбыс ілімінің дәстүрі шығыстық, соның ішінде ежелгі үнді, тибет тілдерінен және «Ганжуур», «Данжуур» топтамасынан аударылған шежірелерге, қытай, тибет, корей тіл білімінің туындыларына негізделеді. Моңғолдың оқымысты діндарларының, тілші ғалымдарының махбод теориясын қалай түсініп, тілдік дыбыстарды жіктеуде қандай ұғымдар мен терминдер қолданғанына назар аударады. Автордың пікірінше, аталған теорияға сәйкес моңғол тілі дыбыстарының жіктелуі тілдік дыбыстардың жасалу жолының түпкі сипатын нақтылап берумен қатар дыбыстардың өзгеруі, дыбыс ағынындағы орны, заңдылығын түсінуге алғашқы қадам болды; бұл дыбыстық жіктелім буынға негізделгендіктен, дыбыстардың «бірге өмір сүруі» жағдайы, үйлесуі мен үндесімін нақты көруге жағымды жағдай жасады.
Мақаланың қорытындысында Үнді философиясындағы махбод теориясы негізінде қалыптасқан моңғол тілі дыбыстарының жіктелімінің төрт түрлі пайдасы анықталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




