БҰҚАР ЖЫРАУ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
Бұқар жырау, тарихи шындық, көркемдік шешім, жыраулар поэзиясы, толғау, Абылай хан, тарихи тұлға, көркемдік танымАңдатпа
Мақалада Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармаларындағы тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасы жан-жақты қарастырылады. Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармалары – XVIII ғасырдағы қазақ халқының тарихи жағдайын, ел бірлігі мен жер тұтастығын, халықтың саяси-әлеуметтік өмірін танытатын құнды әдеби мұра. Жырау толғауларында Абылай хан дәуіріндегі тарихи оқиғалар, қазақ халқының сыртқы жауға қарсы күресі, ел басқару мәселелері мен халық тағдыры көркем түрде бейнеленген. Сондықтан Бұқар жырау шығармаларындағы тарихи деректер мен көркемдік шешімнің өзара байланысын анықтау қазақ әдебиетінің тарихи негіздерін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Зерттеудің көкейкестілігі жырау шығармаларын тек әдеби мұра ретінде емес, белгілі бір тарихи кезеңнің шындығын көркем сөз арқылы жеткізген рухани құндылық ретінде қарастыру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Бұқар жырау шығармаларында көрініс тапқан тарихи оқиғалар мен тұлғаларды анықтап, олардың жырау толғауларында көркемдік тұрғыдан берілу ерекшеліктерін талдау және тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашу. Зерттеу барысында тарихи-әдеби, мәтіндік талдау, сипаттау, жинақтау және жүйелеу әдістері қолданылды. Бұқар жырау толғауларындағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы мәліметтер тарихи деректермен салыстырылып, шығармалардың идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасалды.
Зерттеу нәтижесінде Бұқар жыраудың тарихи оқиғаларды сол қалпында баяндаумен шектелмей, оларды жыраулық дүниетаным, көркем бейнелеу құралдары және терең толғам арқылы жеткізгені айқындалды. Тарихи шындық пен көркемдік шешімнің өзара сабақтастығы жырау шығармаларының тарихи әрі әдеби құндылығын арттыратыны тұжырымдалды.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.


