КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА СИМУЛЯКР КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

көркем шығарма, симулякр кейіпкерлер, кейіпкер бейнесі, магиялық реализм, мифологиялық образ, техногендік кейіпкер, әдеби талдау

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы кейіпкер трансформациясы және симулякр-кейіпкерлердің көркемдік табиғаты жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында дәстүрлі реалистік кейіпкер моделінен постмодернистік күрделі, көпқабатты, фрагменттік бейнелерге өту үдерісі талданып, оның тарихи-мәдени алғышарттары айқындалады. Авторлар симулякр-кейіпкер ұғымының теориялық негіздерін ашып, оны структуралистік, постструктуралистік және постмодернистік әдіснамалар тұрғысынан саралайды. Қазақ жазушылары А. Алтай, А. Кемелбаева, Д. Жылқыбай шығармаларындағы Қоңырқаз, Бесарыс (Кентавр), Абыл робот бейнелері негізінде магиялық реализм, мифологиялық және техногендік кейіпкерлердің көркемдік ерекшеліктері мен семантикалық жүктемесі талданады.

Мақалада симулякр-кейіпкерлердің қазақ қоғамының рухани ахуалын, отарсыздану кезеңіндегі ұлттық өзіндік сананың дағдарысы мен жаңғыру үдерістерін бейнелейтін маңызды мәдени-танымдық феномен екендігі көрсетіледі. Мұндай кейіпкерлер арқылы әдебиеттегі шынайылық ұғымының өзгеруі, автор мен кейіпкер арасындағы қатынастың жаңаша сипат алуы және көркем мәтіндегі интермәтіндік байланыстардың күшеюі айқындалады. Симулякр дәстүрлі қаһармандық модельдің трансформацияланған жалғасы ретінде емес, қазіргі қоғамдағы құндылықтар алмасуының, тұлғалық сәйкестіктің өзгеруі мен рухани бағдарлардың қайта қаралуының көркем көрінісі ретінде түсіндіріледі. Симулякр-кейіпкерлерге тән тұрақсыздық, көпмәнділік және шынайылық пен қиял арасындағы шекараның алшақтауы - қазіргі қазақ прозасының эстетикалық ізденістерін айқындайтын маңызды белгілердің бірі.

Зерттеу нәтижесінде симулякр-кейіпкерлер қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік-идеялық дамуына ықпал ететін, ұлттық әдебиетті әлемдік әдеби үдерістермен сабақтастыратын маңызды құбылыс екендігі тұжырымдалады.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айтуғанова, С. ., & Сарсембаева, С. . (2026). КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА СИМУЛЯКР КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1333