МЕКЕНДІК АҢЫЗДАРДЫҢ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИЗМДЕГІ РОЛІ
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
мәдени мұра, аңыз, мәдени-танымдық туризм, брендинг, жанрАңдатпа
Бұл мақалада Шығыс Қазақстанның мекендік (топонимдік) аңыздарын мәдени-танымдық туризмде пайдалану мүмкіндіктері сөз болады. Мекендік аңыздар географиялық нысанмен байланысты туып, сол жерді қоныстанған халықтың тарихи жады мен рухани болмысының айнасы болмақ. Бүгінгі күні қазақ халқының осындай рухани мұрасын сақтау, таныту және қолданыс аясын кеңітудің тың жолдарынан іздену қажет. Авторлардың пікірінше, Шығыс Қазақстандағы Мұзтау, Рахман қайнары, Марқакөл т.б. жайлы аңыздар туристерді осы табиғи нысандармен қатар, қазақ халқының тарихи-философиялық кеңістігіне жетелеу мүмкіндігі жоғары. Мақала тақырыбының өзектілігі қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстанның фольклорлық, әдеби мұрасын өлкедегі туризм саласында пайдаланудың нақты мысалдары, сандық, сапалық көрсеткіштері анықталып, теориялық, әдістемелік талдауларға алынбағанымен түсіндіріледі. Зерттеушілер шетелдік ғалымдардың тың еңбектеріне сүйене отырып, мекендік аңыздарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша бекітілген кейбір мәдени-танымдық сипаттағы туристік маршруттарды жүзеге асыруға пайдалану мүмкіндіктерін талдауды мақсат етеді. Сондай-ақ, авторлар фольклорлық мәтіндердің мәдени-танымдық, брендингтік әлеуетін, аталмыш аймақтың және еліміздің жағымды туристік бейнесін қалыптастырудағы орнын нақты мысалдармен ашуды көздейді. Бұл зерттеу бағыты қазіргі заманғы ұлттың рухани мұрасын қолданбалы сипатта қайта жаңғырту үдерістерімен сабақтасады.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




