НҰРЛАН ҚОСЫМБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ «ӨМІР» МЕН «ӨЛІМ» КОНЦЕПТІСІ
Қаралымдар: 18
Кілт сөздер:
когнитивті лингвистика, концепт, фрейм, тілдік бірліктер, ұғым, дүниетаным, эмоцияАңдатпа
Ғылыми мақалада алғаш рет өмірден ерте өткен ақын Нұрлан Қосымбаев өлеңдеріндегі «өмір» мен «өлім» концептілерінің танымдық сипаты айқындалып, тілдік бірліктер мен әрбір фреймнің мазмұны ашылады. Ақын өлеңдері негізінде ұлттық танымымыздағы өмір мен өлім туралы философиялық ойлар да жүйеленіп, барланады. Ақын поэзиясындағы «өмір» мен «өлім» концептілерін талдау тіл білімінің бағыттарында, атап айтқанда когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларында жаңа ғылыми нәтижелер алуға мол мүмкіндік береді. Мақаланың басты мақсаты – ақын Нұрлан Қосымбаевтың өлеңдеріндегі «өмір» мен «өлім» концептілеріне талдау жасап, концептілердің ақын поэзиясындағы қолданылу ерекшеліктері мен мағыналық өрісін ашу. Концептілік талдаулар арқылы өмір мен өлім ұғымдарының семантикалық, когнитивтік және мәдени аспектілері айқындалады, бұл өз кезегінде тілдік сана мен мәдени кодтарды зерттеуде маңызды ақпарат көзі болып табылады. Мақаланың нәтижелерін, концептілік талдауларды когнитивті лингвистика, этнолингвистикаға қатысты арнайы курстар мен семинарларда пайдалануға болады деуге негіз бар, себебі олар оқырмандардың концептуалдық ойлауын дамытуға, тілдік және мәдени құбылыстарды талдау қабілетін жетілдіруге бағытталған практикалық материал ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ бұл зерттеу мақала әдебиеттану мен тілтанымның өзара байланысын көрсетіп, поэтикалық мәтіндердегі ұғымдық, лексемалық құрылымдарды терең түсінуге мүмкіндік береді.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




