К. Тоқаев прозасындағы детектив жанрының өзіндік белгілері


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

жанр, детектив, Кемел Тоқаев, детектив ерекшеліктері, жұмбақ оқиға, тергеуші, қылмыскер

Аңдатпа

Мақалада детектив жанрының қалыптасу тарихы, оның негізгі сипаттамалары және қазақ әдебиетіндегі даму үдерісі жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің басты мақсаты – детектив жанрының негізгі ерекшеліктерін анықтау және оны қазақ әдебиетінде Кемел Тоқаевтың детективті шығармалары негізінде талдау болып табылады. Зерттеу барысында салыстырмалы және талдау әдістері қолданылып, әлем әдебиетіндегі детектив жанрының пайда болуы мен дамуына қатысты ғылыми тұжырымдар сараланды. Детектив жанрының бастау көздері Эдгар Аллан По шығармаларымен тығыз байланысты екені атап өтіледі. Жалпы әдебиет тарихындағы детективті жанрдың негізгі құрылымдық элементтері ретінде қылмыс, тергеу және қылмыскерді әшкерелеу сияқты белгілері айқындалып көрсетіледі. Сонымен қатар, Кемел Тоқаев шығармаларындағы сюжеттік құрылым ерекшеліктері, тергеуші бейнесі, қылмыс психологиясы және аналитикалық ойлау логикасы, жазушының қаламгерлік қарымы да терең талданады. Ұсынылып отырған зерттеуде жазушы шығармаларының көбіне нақты өмірдегі оқиғалар мен деректі материалдарға негізделетіні көрсетіледі. Бұл қазақ детектив прозасының қалыптасуына елеулі ықпал еткені айқындалады. Қорытындыда Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі детектив жанрын дамытудағы рөлі бағаланып, оның әдеби мұрасының маңыздылығы айқындалады. Сонымен қатар, әлемдік және қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының ортақ белгілері анықталады.

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оспанова A. ., & Мамбетов Z. . (2026). К. Тоқаев прозасындағы детектив жанрының өзіндік белгілері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 154(1). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1243