Қазақ және ағылшын топонимдерінің лингвомәдени және когнитивтік ерекшеліктері
Қаралымдар: 269 / PDF жүктеулері: 251
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-114-132Кілт сөздер:
топонимия, концептология, когнитивтік лингвистика, ұлттық дүниетаным, лингвомәдениеттану, мәдениетаралық коммуникация, топонимиялық жүйеАңдатпа
Бұл ғылыми мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі топонимдердің лингвомәдени және когнитивтік ерекшеліктері салыстырмалы-лингвистикалық тұрғыда талданады. Зерттеу нысаны ретінде екі тілдің ұлттық мәдениеті мен танымдық санасында маңызды орын алатын жер-су атаулары алынған. Қазақ және ағылшын топонимдері – белгілі бір тарихи, әлеуметтік, табиғи-географиялық факторлармен тығыз байланысты, сол себепті олардың семантикалық ерекшеліктері әртүрлі мәдени кодтармен айқындалады.Мақалада топонимиялық концепт ұғымы, оның тілдік репрезентациясы және ұлттық мәдениеттегі орны жүйелі түрде талданады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – топонимиялық концептілерді дүниенің тілдік бейнесіндегі этномәдени мазмұнды бейнелейтін құрылым ретінде қарастыра отырып, қазақ және ағылшын этностарының дүниетанымдық ерекшеліктерін анықтау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін екі халықтың когнитивтік жүйесіндегі маңызды құрылымдық элемент ретінде топонимиялық кеңістіктегі жер-су атауларына қатысты ақпараттарды жинақтап, жүйелеу және салыстырмалы талдау жүргізу көзделеді.
Туыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі топонимиялық бірліктерді этномәдени деректер негізінде лингвокогнитивтік әдіс арқылы зерттеу арқылы ұлттық санада көрініс табатын мағыналық ерекшеліктерді айқындап, екі этностың ойлау жүйесіндегі ортақ белгілер мен айырмашылықтарды анықтау – зерттеудің ғылыми маңыздылығын айқындайды. Зерттеу жұмысында «ауыл», «атамекен», «дала», «төбе», «су» секілді топонимиялық концептілерді салыстырмалы-танымдық тұрғыда талдау – қазақ және ағылшын халықтарының ұлттық дүниетанымын ашуға мүмкіндік береді әрі зерттеудің ғылыми құндылығын арттырады.Зерттеу нәтижесінде топонимияның тек номинативтік жүйе емес, сонымен бірге ұлттық менталитетті бейнелейтін маңызды когнитивтік-мәдени феномен екені дәлелденеді. Бұл зерттеу екі ұлттың тілдік және мәдени дүниетанымын тереңірек түсінуге септігін тигізеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




