Ислам тақырыбындағы жырлардың (рубай, ғазал) дидактикалық-философиялық сипаты
Қаралымдар: 228 / PDF жүктеулері: 101
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-234-247Кілт сөздер:
әдеби дәстүр, рухани құндылық, рубай, ғазал, мұсылмандық дүниетаным, эстетикалық тағылым, дидактика, философиялық көзқарасАңдатпа
Мақалада Шығыс әдеби жанры негізінде қалыптасқан Сыр өңірі ақындары шығармаларындағы рубай, ғазал жырларының адамзатты адамгершілік-имандылыққа тәрбиелейтін ұлағаты қарастырылған. Қазақ әдебиетінің тақырыптық, жанрлық, мазмұн мен пішін тұрғысында толыға түсу жолында Шығыс поэзиясы нәзира дәстүрі арқылы өз ықпалын тигізгендігі ғылыми тұжырымдалды. Т.Ізтілеуұлы, Ш.Омары, С.Бекшентайұлы поэзиясында көрініс тапқан алуан түрлі мінез-құлық қасиеттерімен араласып жатқан моральдық және рухани құндылықтардың жырлануы мен адамгершілік мәселелері талданды. Сыр өңірі ақындары әдеби дәстүрлерді шебер меңгеріп, рухани құндылықтарды, адамдық сапалық қасиеттерді насихат етуді басты назарда ұстады. Олардың шығармаларында сүйіспеншілік тақырыбы, өмір тәжірибесінен қорытылып шыққан ғибратты сипаттағы ойлары, ислам тақырыбының жырлану ерекшелігі қарастырылған. Ақындардың рубайлары қысқа, терең ойға құрылған. Ақындардың төрттаған жырлары шағын болғанымен, оқшау шумақты, құрылымы поэтикалық тұрғыда Шығыс поэзиясының ықпалымен қалыптасқан тиянақты ойды білдіретін күрделі тармақтардан тұрады. Ақындардың төрттаған, ғазал жырларының терең философиялық, лирикалық, дидактикалық, исламдық мазмұнда жырланып, оқырманды рухани ізденіске, өзін-өзі тануға бағыттайтын сипаты талданды. Сыр өңірі ақындарының рубай, ғазал жырларында жалпы адамзатқа ізгілік, мейірімділік, адалдық қасиеттерді насихаттайтын даналық ой, тұжырымды түйін беріледі. Ақындар рубай, ғазал жырлары арқылы қоғамды ізгілікке шақырып, Аллаға деген сенім арқылы кемел адам болуға үндейді. Халықтың рухани тұтастығын діни-ағартушылық, адамгершілік ұлағатымен жырлағандығына ғылыми бағалаулар жасалды. Сыр өңірі ақындарының рубай, ғазал жырлары әдеби дәстүрдің көркемдік жалғастығы, әдеби үндестік, ықпалдастық сипатында сараланады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




