ТҮРМЕ ӘДЕБИЕТІ: ЗЕРТТЕЛУІ, АВТОБИОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ. PRISMA ӘДІСІМЕН ЖАСАЛҒАН СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ШОЛУ


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

Түрме әдебиеті, авторлық ұстаным, автобиографиялық сипат, әдеби стильдер, PRISMA әдісі

Аңдатпа

Шолу мақаласы түрме әдебиетіндегі авторлық ұстанымның, шығармашылық ерекшеліктердің сипатын зерттеу белсенділігін талдауға бағытталған. 2015-2025 жылдар аралығындағы түрме әдебиетінің әлемдік зерттелу динамикасына жүйелі талдау жасалған. Шолу әдісі негізінде PRISMA принциптері қолданылды. Талдау жүргізу барысында Scopus деректер базасында индекстелген ғылыми еңбектердің ішінен 11 мақала іріктеліп алынды, әртүрлі елдерде жүргізілген ғылыми жұмыстар қарастырылып, әдеби зерттеулердің бағыттары мен даму үрдістеріне салыстырмалы талдау жасалды. Алынған нәтижелер  түрме әдебиетін зерттеудің жаһандық үрдістерін сипаттауға және болашақтағы зерттеу мүмкіндіктерін анықтауға негіз болады.

Зерттеу нәтижелері АҚШ пен Ұлыбританияда түрме әдебиетіне арналған ғылыми жұмыстардың кең таралғандығын және Канада, Румыния, Азия, Австралия мен Африка елдерінде салыстырмалы түрде аз зерттелетінін көрсетті. Бұл көрсеткіштер түрме әдебиетінің ғылыми зерттеулердегі даму кезеңдерінің әлі де жетілдіру мен тереңдетуді қажет ететінін көрсетеді. Түрме әдебиеті адамның күрделі өмірлік жағдайлардағы рухани күші мен шығармашылық әлеуетін, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселесін ашып көрсететін бірегей әдеби бағыт ретінде сипатталады. Зерттеулер түрме әдебиетінің әлеуметтік және мәдени құбылыстарды бейнелеудегі рөлін, оның әділет жүйесі, адам құқықтары және реабилитация үдерісін жақсартудағы ықпалын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, түрме әдебиеті әдебиеттану ғылымында ерекше орын алып, көркем шығармалардың стильдік, мазмұндық және эстетикалық ерекшеліктерін талдау арқылы әдебиет пен қоғам арасындағы өзара байланыстарды ашуға септігін тигізеді. Түрме әдебиетінің зерттелуі әдебиеттің қоғамның дамуындағы және гуманизациясына қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік береді.

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бимұратқызы, Ж. ., & Тұяқбаев, Ғ. . (2026). ТҮРМЕ ӘДЕБИЕТІ: ЗЕРТТЕЛУІ, АВТОБИОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ. PRISMA ӘДІСІМЕН ЖАСАЛҒАН СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ШОЛУ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 155(2). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1084