Қазақ және түрік тілдеріндегі бас киім атауларына қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

фразеологизм, этнолингвистика, бас киім атаулары, бөрік, мәдени код, салыстырмалы талдау, тұрақты тіркес

Аңдатпа

Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі бас киім атауларына қатысты фразеологизмдердің мазмұндық ерекшеліктері, семантикалық құрылымы мен мәдени астары сараланып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеу жұмысы түркі халықтарының ортақ тілдік архетиптері мен мәдени жалғастығын ашуға, сондай-ақ фразеологизмдердің ұлттық болмысқа қатысты көрінісін нақтылауға үлес қосуды мақсат етеді. Зерттеу нысаны ретінде екі халықтың тілінде кең қолданысқа ие бөрік, тақия, fes, takke, külah сынды дәстүрлі бас киім атауларынан туындаған тұрақты тіркестер алынған. Фразеологизмдердің құрамындағы әрекет бағыты (мысалы, бөркін аспанға лақтырды, бөркін жерге ұрды) мен оның эмоциямен байланысы мәдени мазмұнмен тығыз астастырыла сипатталады. Сонымен қатар түрік тіліндегі Fesini havaya atmak, Takke düştü, kel göründü, Külah takmak сияқты тұрақты тіркестер де ұлттық көзқарас пен әлеуметтік қатынас нормаларын білдіретін символдық мәнге ие екендігі дәлелденеді. Зерттеу нәтижесінде қазақ және түрік фразеологизмдерінің құрылымы мен мазмұнында ұқсастықтармен қатар, әр ұлттың тарихи-мәдени ерекшелігін танытатын айырмашылықтар да анықталады. Бұл өз кезегінде түркі тілдерінің этнолингвистикалық ортақтастығын айқындауға және фразеологизмдердің танымдық әлеуетін ашуға жол ашады. Мақалада қолданылған салыстырмалы, семантикалық және этнолингвистикалық талдау әдістері екі халықтың фразеологиялық қорын жүйелі түрде саралауға мүмкіндік береді. Осы арқылы ұлттық болмысты, мәдени кодты, тарихи жад пен таным жүйесін тіл арқылы тануға бағытталған маңызды ғылыми тұжырымдар жасалады.

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тұрғанбаева, К. ., Сарекенова, Қ. ., & Тоғызбай, Н. . (2026). Қазақ және түрік тілдеріндегі бас киім атауларына қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 154(1). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1083

Most read articles by the same author(s)