Ұлттық корпус: этномәдени бірліктердің сипаты
Қаралымдар: 261 / PDF жүктеулері: 132
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-127-142Кілт сөздер:
этномәдени бірліктер, антропоөзектік парадигма, ұлттық корпус, автоматтандыру.Аңдатпа
Мақала тілде сақталған этномәдени бірліктерді ұлттық корпуста лексикографиялау мәселесіне арналған. Қазақ халқының өмір сүрген ортасына, аймағына, қоршаған табиғатына сай қалыптасып, тілде сақталған бірегей тарихи дамуы мен күнделікті өмір сүру ерекшеліктері, өмір сүру салты мен дәстүріне қатысты мәденитанымдық этномәдени құндылықтарды зерттеу заманауи антропоөзектік парадигма аясында өзектелуде. Мақаламыз жадымызда сақталған этномәдени бірліктердің цифрлануымен ерекшеленеді. Қазақ мемлекетінің бүгінгі таңдағы даму барысын белгілейтін қоғамдық-әлеуметтік жаңару бағдарына сай тіл арқылы ұлт құндылықтарын игеру аса маңызды. Мақаламыздың маңыздылығы – этномәдени бірліктердің мәнін архетиптік санада жаңғыртып, бүгінгі тіл иесінің қолданысындағы сөз әлеуетін таныту. Мақаланың мақсаты – тілші-ғалымдардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, тіл арқылы мемлекетшілдік сана деңгейін көтеру. Мақаланың өзектілігі – ұлттың дүниетанымымен, ұлттық болмысымен ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан, ғасырлар бойы жасаған ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, ұлттық корпус арқылы болашақ жастарға аманаттау. Ұлттық корпус мәселесі қазір дамып, салаланып, көптеген ішкорпустармен толыққан. Мақаланың нәтижелері мен талдаулары қолымызда жинақталған этномәдени атауларды жастарға дауылпаз, терме, әнші, жыр, ханталпай, қамажай сияқты этнолексикалық бірліктердің мағынасын түсіндіріп, корпус арқылы талдау. Қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, диалектологиялық, әлеуметтанымдық т.б. зерттеулерде түсіндіріліп, жинақталған «қазақ әлемін» танытатын этномәдени бірліктердің жүйесін ұлттық корпуста берудің ғылыми-әдіснамалық үлгісін көрсету – мақаланың арқалаған міндеті. Мақаланың құндылығы тіл арқылы ұлт мәдениетін (болмысын) заманауи лингвистиканың ақпараттық көзі ретінде ізденушілердің жұмысын оңтайландыруында болып отыр.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




