Солтүстік Қазақстан облысы түркі топонимдерінің лексика-семантикалық сипаты
Қаралымдар: 282 / PDF жүктеулері: 147
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-143-154Кілт сөздер:
топоним, түрік тілі, лексика, гидроним, геолингвистика, мәдени семантикаАңдатпа
Бұл зерттеу Солтүстік Қазақстан облысындағы түркі тілдес халықтардың топонимдерін лексикалық-семантикалық тұрғыдан жіктеуге бағытталған. Топонимдер - этностың өткенінен этнографиялық деректер жеткізе алатын, дәуірлік жүк арқалаған, ұлттық лексиканың негізгі саласының бірі. Аймақтық топонимдер тарихи, мәдени және тілдік ерекшеліктерді айқындаудың маңызды құралы болып табылады. Зерттеу мақсаты – облыс аумағындағы топонимдердің саласы - гидронимдердің шығу тегін, олардың құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін, сондай-ақ этномәдени маңызын ашу. Гидронимдердің лексика-семантикалық құрылымын талдау нәтижесінде олардың көбі табиғи нысандарға байланысты болса, кейбірі тарихи оқиғалар мен тұлғалармен байланысты екендігі анықталды. Топонимдердің мазмұнында қазіргі көпшілік тіл тұтынушыларына кодталған этномәдени семантика «жасырын» тұрады. Оның этномәдени семантикасының астарында ежелгі көшпелі қазақ қоғамының қоршаған орта, табиғат, өсімдік әлемі мен су көздеріне қатысты, олардың әр алуан қасиеті мен ерекшеліктері, таным, түсініктері туралы дәстүрлі халықтық білімдер жүйесі көрініс табатындығы айқындалды. Жұмыс барысында тарихи деректер, далалық зерттеу нәтижелері негізінде гидронимдер талданып, олардың негізгі семантикалық топтары анықталды: табиғи нысандар, жер бедері, аң-құс, өсімдік атаулары, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты атаулар. Бүгінде мағынасы күңгірттенген атаулардың құрамында ата-бабамыз мекендеген жердің флорасы мен фаунасынан да ақпарат беретін терминдер айқындалды. Су көздері атауларының бойындағы мәдени және тарихи болмыс ментальды-когнитивтік тұрғыда қарастырылды. Нәтижесінде, зерттеу Солтүстік Қазақстан облысының геолингвистикалық сипаттамасын толықтыруға және ұлттық мәдени мұраны сақтауға ықпал ететін деректер ұсынылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




