Проксемикалық амалдардың коммуникацияда қолданылуы
Қаралымдар: 236 / PDF жүктеулері: 124
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-103-115Кілт сөздер:
паралингвистика, лингвистикалық маркер, проксемика, кеңістік, кинесикалық амалдарАңдатпа
Коммуникация барысында адамдар бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы ғана емес, вербалды емес амалдар арқылы да ақпарат алмасады, түсініседі. Вербалды амалдар негізгі ақпарат көзі болса, бейвербал амалдар сөйлеу тілін логикалық, эстетикалық, эмоциялық жағынан толықтыра отырып, сөйлеушінің этномәдени, психологиялық және өзге де ерекшеліктері, яғни коммуниканттың көңіл-күйі, ниеті, сөзінің шынайылығы туралы қосымша мәлімет береді. Мақалада вербалды амалдарды зерттейтін паралингвистика ғылымының бір саласы проксемика ғылымы, оның коммуникацияда алатын орны сияқты мәселелер қамтылған. Проксемика кеңістікте орналасуына байланысты адамдардың арақатынасын анықтайтын, кеңістік коммуникациясы, оның құрылымы және функцияларын қарастырады. Зерттеудің мақсаты – қaзaқ хaлқының мәдeниeтiндe, eң aлдымeн, хaлықтың ұлттық бoлмысы, дүниeтaнымы, көшпeлi тұрмысынaн хaбaр бeрeтiн тәлiм-тәрбиeнiң, мәдeниeттiлiктiң бeлгiсi бoлып сaнaлaтын қaрым-қaтынaстың прoксeмикaлық кoмпoнeттeрi eрeкшe oрын aлaтынын көрсету. Ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, арақашықтықтың түрлері, өзіндік ерекшеліктері жан-жақты талданды. Сонымен қатар проксемалардың көркем шығармаларда вербалдануы, берілу жолдарына байланысты мысалдар келтіріліп, олардың қазақ халқының коммуникативтік кеңістігінде алатын орны, мәдени, ұлттық спецификасы айқындалып, жүргізілген зерттеулердің негізінде аталған парамалдардың тілдік маркер қызметін атқаратыны дәлелденді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




