Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар: амандасу рәсімінің түрлері
Қаралымдар: 280 / PDF жүктеулері: 192
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-49-61Кілт сөздер:
паралингвистика, бейвербалды амалдар, кинема, ым-ишара, ым тілі, қарым-қатынасАңдатпа
Мақалада қарым-қатынаста қолданылатын бейвербалды амалдардың қатары мен контекстегі, коммуникациядағы мағынасы айқындалады. Коммуникациядағы белгілі бір амалдар жасалу жағынан ұқсас болмағанымен, семантикасы тұрғысынан бір мағынада қолданылады. Сонымен бірге қарым-қатынаста қолданылатын бейвербалды амалдардың қатары мен мәнмәтіндегі, коммуникациядағы мағынасы айқындалады. Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар әртүрлі дене мүшесі арқылы жасалынып, белгілі бір мағына береді. Мысалы, басын изеу, қол алысу, қолын қысу, төс қағыстыру, қолын көтеру, сүйсіп көрісу, қолын бұлғау т.б. бейвербалды амалдар – амандасу мағынасын білдіреді. Қарым-қатынаста осы сынды ым-ишаралар күнделікті тұрмыста көп қолданылады. Әрине, адам баласы қарым-қатынасқа түскенде ым-ишараны қолданбай қатынас жасай алмайды. Себебі, бейвербалды амалдар айтайын деген ойын, сөзін нақтылап, оған қосымша мағына үстеп, ойды дәл әрі нақты жеткізуге септігін тигізеді. Авторлар коммуникацияда амандасу рәсіміндегі ым-ишараттардың жасалу жағынан ұқсас болмағанымен, семантикасы тұрғысынан бір мағынада қолданылатын ым-ишаралар әртүрлі бейвербалды амалдар арқылы берілетіндігі туралы, соның ішінде қол, бас және т.б. қимылдарымен берілетін ым-ишаралардың болатындығы туралы және де олардың барлық халықта бірдей мағынада қолданылатындығы, сонымен қоса кейбір халықта ғана қолданылатын, яғни амандасу рәсімінде де ұлттық ым-ишараттың кездесетіндігі туралы да сөз етеді. Қарым-қатынаста амандасу рәсімінде қолданылатын бейвербалды амалдарды көркем шығармалардан алынған нақты мысалдар арқылы талдаған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




