Мағжан Жұмабайұлының Гёте мен Гейнеден жасаған аудармалары
Қаралымдар: 279 / PDF жүктеулері: 171
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-321-332Кілт сөздер:
Мағжан Жұмабайұлы, «Айрылдым сенен, жан сәулем», «Күннің батуы», Иоганн Вольфганг фон Гёте, Генрих Гейне, Ф.Миллер, М.Л.Михайлов.Аңдатпа
Мағжан Жұмабайұлы неміс поэзиясынан төрт өлең аударған. Оның екеуі Гётеден («Орман патшасы», «Айрылдым сенен, жан сәулем») болса, тағы екеуі – Гейнеден («Екі бетің, сұлу қыз..», «Күннің батуы»). Бұлардың ішінде Гётенің «Орман патшасы» балладасы В.Жуковский, Гейненің «Екі бетің, сұлу қыз...» өлеңі А.Фет арқылы аударылғаны мәлім. Ал Гёте мен Гейненің қалған екі өлеңін немісшеден орыс тіліне кім (немесе кімдер) тәржімелегені арнайы қарастырылған емес. Мақаланың мақсаты – Гётенің «Айрылдым сенен, жан сәулем», Гейненің «Күннің батуы» деген атаулармен мәлім өлеңдерінің Мағжан сүйенген орысша аудармаларының авторларын анықтап, олар туралы мағлұмат беру және мәтіндеріне салыстырмалы талдау жасау. Бұл үшін XIX жүзжылдықта және XX ғасырдың басында Ресейде жарық көрген газеттер мен журналдар, энциклопедиялық сөздіктер, поэзия жинақтары, сол дәуірде өмір сүрген орыс ақындарының өмірбаяндары мен олардың шығармашылық мұралары, Гёте мен Гейненің түпнұсқа әрі орыс тіліне аударылған мәтіндері және олар туралы еңбектер жан-жақты зерттелді. Мәдени-тарихи, өмірбаяндық, салыстырмалы-салғастырмалы, құрылымдық-сипаттамалық және контекстік талдау әдістерін ұштастыра қолдану арқылы деректерді сұрыптауға, мәтіндерді пайымдауға қол жеткізілді. Нәтижесінде Гётенің «An die Entfernte» атты өлеңін Ф.Миллердің «К отсутствующей» («Айрылдым сенен, жан сәулем»), Гейненің «Sonnenuntergang» атты өлеңін М.Л.Михайловтың «Закат солнца» («Күннің батуы») деп аударғаны айқындалды. Мақаланың тың нәтижелері М.Жұмабайұлының шығармашылық мұрасын зерттеуге, қазақ-неміс әдеби байланыстарын дамытуға үлес қосады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




