Ы. Алтынсариннің «Шариат-ул ислам» еңбегіндегі мұсылман ағартушылығы
Қаралымдар: 247 / PDF жүктеулері: 102
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-87-92Кілт сөздер:
Діни ағартушылық, көркемдеу тәсілдері, экзегетика, Құран Кәрім, рухани қуатАңдатпа
Мақалада қазақ әдебиетінің бай мазмұнды елеулі желісі – діни-ағартушылық
бағыттың ХІХ ғасырдағы көркемдік өрісі тұрғысынан тың пайымдаулар жасалған. Мақалада Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы діни, мұсылмандық ағартушылық бағыттағы еңбегі туралы айтылады. Жеке шығармашылық тұлға – Ы.Алтынсариннің әдеби мұрасы көркемдік
тұрғыда сараланған. Бұл мақаланың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің тарихындағы мейлінше
өнімді шығармашылық дәуір – ХІХ ғасырдағы әдеби мұраның өзекті мазмұнын құраған экзегетикалық дәстүрді тарихи алғышарттар, көркемдік негіз, ұстанымдар ауқымында тануды ғылыми
зерттеуге тарту қисындарын пысықтау бағыттарымен айқындалады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




