The image of capital in the Kazakh prose


Views: 67 / PDF downloads: 43

Authors

  • M. Amangazykyzy L.N. Gumilyov Eurasian National University

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-131-2-8-15

Keywords:

Kazakh prose, city, city prose, image of the capital, motive of affection to the city, culture of the capital, life of the capital, concept of the capital.

Abstract

Мақалада жазушы Баубек Бұлқышевтің «Алматылықтар» романы,
жазушы Серік Асылбекұлының «Мейман» әңгімесі, жазушы Тұрысбек Сәукетаевтың «Ай
қараңғысы» романы, жазушы Дүкенбай Досжанның «Ақ Орда» романдарының көркемдік
әлемінде қайта жасалған Қазақстан Республикасының бұрынғы және қазіргі астанасы
Алматы, Астана (қаз. Нұр-Сұлтан) қалаларының әр кезеңдегі көркем образдары қарастырылған.
Жазушы Баубек Бұлқышевтің аяқталмай қалған «Алматылықтар» романының бірінші бөлімінен оқырмандар алғаш рет алматылықтардың екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі тыныс-тіршілігін тануға мүмкіндік алса, жазушы Серік Асылбекұлының «Мейман»
әңгімесінен ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы Алматының образы көрінеді, ал жазушы
Тұрысбек Сәукетаевтың «Айқараңғысы» романынан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тұсындағы Алматының реалистік образын көре аламыз, жазушы Дүкенбай Досжанның «Ақ
Орда» романы ел астанасын оңтүстіктен солтүстік қалаға көшіру ісіне арналған. Мақалада осы шығармаларда құрылған көркемдік шындық пен сол уақыттағы тарихи шындық
арасындағы байланыс ашылған, сюжеттік оқиғалар мен кейіпкерлер жүйесіне әдеби-теориялық талдаулар жасалған, қорытындыда қазақ әдебиетінде «астана мәдениеті», «астана тұрмысы» ұғымдарының қалыптасқандығы, сондай-ақ, «астана» концептісінің пайда
болғандығы дәлелденген.
 

Published

2020-06-30

How to Cite

Amangazykyzy М. . (2020). The image of capital in the Kazakh prose. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series, 131(2), 8–15. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-131-2-8-15

Issue

Section

Статьи