Мәриям Хакімжанованың поэзиясындағы «әйел» концептісі
Қаралымдар: 207 / PDF жүктеулері: 356
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-134-1-8-15Кілт сөздер:
поэзия, когнитивтік таным, концепт, концептілік жүйе, концептілік құрылым, ұлттық болмысАңдатпа
Қазақ қоғамында бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен
әйел қауымының орны әрқашан ерекше. Өмірде ер адамның ақылшысы, балалардың тәрбиешісі болатын әйелдер қауымының өмірі сан қилы. Әрбір әйел бір үйдің инабатты
келіні, аяулы анасы, ардақты апасы, асыл әжесі. Сондықтан әйел тақырыбы – мәңгілік
тақырыптардың бірі. Әсіресе, көркем туындыларда сипатталатын әйел бейнесі, тағдыры, мұңы, сезімдері көптеген шығармаға арқау болған. Ақын-жазушыларымыз әйелді
мүсіндеп, сипатын бейнелегенде ұлттық әдет-ғұрыптық ерекшеліктермен бірге рухани
дүниенің сырларын, ұлттық таным, болмыс, тәлім-тәрбие ерекшеліктерін ұмытқан
емес. Зерттеу нысанасына алынып отырған Мәриям Хакімжанова шығармаларында
да «әйел» концептісін айшықтайтын тілдік бірліктердің ұлттық дүниетанымға сай
берілгені аңғарылады. Сонымен қатар, «Әйел» лексемасы сөз болған жерде, әйел – сұлулық, әйел – сүйікті жар, әйел – ана баламалары қабаттасып, сабақтасып жатуы заңды.
Мақалада осы аталған баламаларға М. Хакімжанова шығармалары негізінде тоқталатын боламыз
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




