ПАРЕМИЯЛАРДЫҢ ЭКСПРЕССИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ ЖАСТАРҒА БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

паремиялар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жастар тілі, клиптік ойлау, экспрессия, жастар тәрбиесі

Аңдатпа

Мақала паремиялардың экспрессивті әлеуетін ашу барысында эмотивті лингвистиканың іргелі теорияларын басшылыққа алады. Зерттеу паремиялардың экспрессивті қуатын қарастыра отырып, оларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану маңызын ерекше атап көрсетеді. Мәдени код пен ұлттық құндылық болып табылатын мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жаһандану мен әлеуметтік контекстің өзгеруі жағдайында тілдік қолданыста сақталуы тиіс маңызды экспрессивті құрал ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда кең таралған клиптік қабылдау құбылысы шағын жанрлы паремиялардың прагматикалық мүмкіндіктерін арттыра түседі. Осыған байланысты мәселе коммуникативті лингвистикадағы өзекті бағыттардың бірі болып саналады. Зерттеу аясында жастар арасында сауалнама жүргізіліп, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің заманауи қоғамдағы қабылдануы мен қолданылу ерекшеліктері анықталады. Нәтижелер жастардың бұл жанрларды тәрбие құралы, өмірлік тәжірибе мен даналықты жеткізуші, рухани бағыт-бағдар беруші және ойды әсерлі әрі түсінікті жеткізудің тиімді тәсілі ретінде бағалайтынын көрсетті. Сонымен қатар жастар арасында еңбек пен экономика тақырыбындағы паремиялардың кең таралғаны, олардың канондық нұсқаларын білу деңгейі және дидактикалық-экспрессивтік ықпалы айқындалды. Зерттеу нәтижелері коммуникативті лингвистика, эмотиология, этнолингвистика және тіл білімінің антропоөзекті бағыттарындағы болашақ ізденістеріне негіз әрі материал бола алады. Сонымен қатар паремиялардың қазіргі қоғамдағы қызметін түсінуге мүмкіндік береді.

Жарияланды

2026-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тургумбаева N. ., Капантайқызы S. ., & Ағжа F. (2026). ПАРЕМИЯЛАРДЫҢ ЭКСПРЕССИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ ЖАСТАРҒА БІЛІМ БЕРУДЕГІ РӨЛІ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1288