Қысқарған және біріккен дипломатиялық терминдер


Қаралымдар: 43 / PDF жүктеулері: 33

Авторлар

  • К.А. Ашинова Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-60-65

Кілт сөздер:

әріптерді азайту әдісі, сөз тіркесі, компонент, күрделі сөз, синоним, тілдік өлшем, дыбыстық тіркесу, құбылыс

Аңдатпа

Бұл мақалада аббревиатураның қысқаша сипаттамасы және оның дипломатиялық
тілдегі ерекшеліктері келтірілген. Мақалада аббревиатуралардың қалыптасуы, олардың тілдік сипаттамалары, жалпы принциптері мен қалыптасу заңдылықтары, олардың қолданыс салалары зерттелді, тілдегі халықаралық терминдердің үлесі анықталды. Лингвистикалық талдаудың көмегімен
аббревиатураның ерекшеліктері, оларды құру тәсілдері және тұжырымдамалық ерекшеліктерін
қолдану әдістері қарастырылды. Біріккен халықаралық терминдерді жасауда сөз біріктіретін компоненттер толығымен халықаралық лексемадан тұрады. Ағылшын тіліне енген кірме дипломатиялық терминдердің көбінесе бастапқы күйі сақталмай, өзгеріске ұшыраған, ал қазақ тіліне енген
кірме дипломатиялық терминдер көбінесе бастапқы қалпын сақтаған, алайда олар да фонетикалық
жағынан бірте-бірте өзгеріске ұшырайды деп болжам жасауға болады. Бұл мақала жазбаша деректер мен әдебиеттер негізінде дайындалған.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ашинова K. (2020). Қысқарған және біріккен дипломатиялық терминдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 132(3), 60–65. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-60-65

Журналдың саны

Бөлім

Статьи