Қазақ есімдерінің семантикалық ерекшелігі және әлеуметтік қызметі
Қаралымдар: 336 / PDF жүктеулері: 398
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-31-44Кілт сөздер:
антропоним, этноним, этноантропоним, антропоэтноним, әлеуметтік мағына, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистикаАңдатпа
Қазақ есімдерінің қалыптасуы мен дамуы екі негізден бастау алады: бірі – тілдік ерекшелігі бойынша, яғни лингвистикалық заңдылықтардан. Бұл бағыттағы даму кісі аттарының құрылымдық жүйесі мен мағыналық өрісін қамтиды. Екіншісі – әлеуметтік ортадағы қызметі, адамдар арасындағы қатынасты реттеудегі орны, белгілі бір қоғамда өмір сүріп жатқан азаматтардың ресми тіркелуі т.б. қатысты. Азаматтар мен олардың есімдерінің арақатынасы лингвистикалық тұрғыдан да, әлеуметтану тұрғысынан да аса маңызды, өйткені кез келген адам қоғам мүшесі ретінде есімі арқылы тіркеледі, есімі арқылы айналасына танылады. Есім – адамның өмірде барлығының және белгілі бір елдің толыққанды азаматы екендігінің айғағы. Азаматтың өзге құқықтары секілді есім иелену құқығы да заңнамалық тұрғыдан қорғалған.
Қоғамның адамсыз болмайтыны секілді, адам да есімсіз болмайды. Қолданыс барысында кісі аттары белгілі бір тұлғалардың прототипіне айналады. Мысалы, «Абай» десе сөздің мағынасынан бұрын қазақтың ұлы ойшылы бірінші ойға оралады. Әуелгі мағынасы «ақылды, дана» болғанмен, Абайдың қоғамдағы орны есімінің мағынасына айналып отыр. Бұлай болуы ең бірінші әлеуметтік қатынастар барысындағы қолданысының нәтижесі. Кісі аттары өзінің біртұтас болмысы арқылы ұлттық қоғамның да көрінісі бола алады, сондықтан оларды әлеуметтану тұрғысынан қарастырудың маңызы зор. Мақалада осы айтылған мәселелерге пәнаралық байланыс тұрғысынан кешенді талдаулар жасалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.
Funding data
-
Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Grant numbers AP23489736 «Қазақ есімдерін цифрлық платформа аясына жинақтау және жаңа технологияларға бейімдеу»




