Түркі халықтарының фольклорындағы ортақ ғұрыптардың лингвистикалық сипаты
Қаралымдар: 269 / PDF жүктеулері: 175
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-150-1-218-233Кілт сөздер:
фольклор, ғұрып, Түркі әлемі, ұлттық код, мифология, этимологияАңдатпа
Мақалада отбасы ғұрып фольклорында ұлттық код ретінде қарастыруға тұратын этномәдени тілдік бірліктерді тілдік және мәдени код ретінде түйінін тарқатып ашу көзделген. Фольклорлық мұраларды зерттеу барысында ұлттық таным негізінде түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігі мен тарихында, әлеуметтік-қоғамдық саласында жоғары деңгейде орын алатын «ғұрып» категориясы жан-жақты зерделенді. Қарастырылып отырған отбасы ғұрып фольклорының тұсаукесер жырын талдау арқылы белгілі бір ғұрыпқа байлаулы ғұрып сөздері ғана емес, сонымен қатар отбасылық ғұрып фольклоры тілінен ғұрыптық рәсімдердің атқарымдық үдерісі терең орын алатындығы алға тартылды. Көптеген зерттеушілердің еңбектерін талдай келе, дүниежүзі халықтарының көне мифологиялық дүниетанымын салыстыра отырып, қазіргі күні үш жікке бөлінген ғұрыптық жүйе алғашқыда біртұтас циклден тұрғанын, «өтпелі ғұрыптар» ұғымына сәйкес адамның тууы, оның дүниеден қайтуы бір формадан, екінші формаға, не екінші дүниеге ауысуы түсінігі қарастырылды. Бүгінгі мәдениеттің дамуы барысында ғұрыптардың бастапқы болмысы жойылып бара жатқаны, не трансформацияланып, көмескіленуі де қарастырылады. Мақалада зерттеу нысаны ретінде фактологиялық материалдар: қазақтың ғұрыптық фольклорының мол үлгісі қамтылған «Бабалар сөзі» 100 томдығының 72-томындағы «Балалар фольклоры», 91-томындағы «Жерлеу ғұрпына қатысты фольклор», 93-томындағы «Магиялық фольклор» жинақтары қолданылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




