Жыраулар поэзиясы мәтінінің коммуникативтік ерекшелігі
Қаралымдар: 220 / PDF жүктеулері: 103
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-116-122Кілт сөздер:
жыраулық поэтика, реципиент, адресант, адресат, аялық білім импровизация, прессупозицияАңдатпа
. Бұл мақаланың мақсаты жыраулық мәтіндердің коммуникативтік қызметінің
ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. Зерттеу нәтижесінде автор ауызша дүниеге келу ерекшеліктеріне қарамастан қазақ жыраулық мәтіндері белгілі бір дәуір туғызған мәдениеттің, шығармашылықтың, рухани қызметтің жемісі әрі осындай рухани байлықты ұрпақтан-ұрпаққа сақтап
жеткізуші феномен болып табылатынын тілдік деректермен дәлелдейді.
Мәтіннің коммуниактивтік қызметінде адресат және адресант арақатынасы басты орын алады. Мәтін «ғұмырының» ұзақтығы оның реципиент тарапынан қалай қабылданып, қаншалықты
түсінілгендігімен байланысты. Жыраулық мәтіндердің түсінілімі мен қабылдануында өзіндік ерекшеліктер бар. Жырдың негізгі авторымен бірге бірнеше қосалқы авторы болады. Олар: жырды
шығарған жырау, жырды жаттап, кейінгіге жеткізген жыршы, жыр мәтінін жазуға түсірген редактор. Негізгі автордың бастапқы идеясын сақтай отырып, кейінгі қосалқы авторлар да өзіндік қолтаңбаларын қалдырады. Жыр коммуникациясында бастапқыда мәтін қабылдаушы роліндегі жыршылар, редакторлар кейін өздері де сол мәтінді жасаушыларға (авторға) айналады.
Жүргізілген зерттеу негізінде автор жыраулық мәтіннің коммуникациялық кезеңдерін (коммуникацияға дейінгі, вербалды, коммуникациядан кейінгі), автор-жырау мен тыңдаушы-реципиент
қарым-қатынасының ерекшелігін, мәтін түзіліміндегі «аялық білімнің» мәні мен мәтін тезаурусы,
мәтін түзілімінің мақсатын, мәтін коммуникациясындағы экстралингвистикалық, паралингвистикалық (бейвербалды) факторлардың қызметін көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




