А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романындағы басты кейіпкер бейнесі Абай қабылдауында: ақындардың стиліндегі психологизм
Қаралымдар: 270 / PDF жүктеулері: 443
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-169-178Кілт сөздер:
өлеңмен шығарған роман, әдебиеттегі психологизм, шығармашылық аудармаАңдатпа
Мақалада А.С.Пушкин «Евгений Онегин» романындағы басты кейіпкердің бейнесін жасаған кездегі психологизмнің көрінісі қарастырылады. Роман тарауларын «Письмо Татьяны к Онегину», «Письмо Онегина Татьяне» қазақ тіліне аударуда қазақтың классигі Абайдың да сол әдісті сақтауы зертеледі. Шетелдік ақынның романнан шығармашылық аудармасы Пушкиннің кейіпкерінің өмір жолының соңы туралы пайымдауының өзіндік нұсқасымен толықтырылған. Қазақ ақыны «Онегиннің өлердегі сөзі» («Предсмертное письмо Онегина») деген хатты жазады. Бұл Пушкиннің түпнұсқасының сюжетінде жоқ. Абай Құнанбаевтың «Онегиннің өлердегі сөзі» («Предсмертное письмо Онегина») нұсқасын жасауы түсіндіріледі. Пушкин шығармаларынан үзінділерді Абай аудармасының отандық әдебиеттанудағы мәселелерін бұған дейін А.С.Қалмұрзаев, Қ.Жұмалиев, Ш.Елеукенов, С.Фомичев, Г.Бельгер зерттеген. Біз Абайдың Пушкин кейіпкерін қабылдауын, Пушкиннің көркемдік стилінің қазақ ақынына әсерін қоршаған орта мен қоғамдық қарым-қатынастардың, еркек пен әйелдің қарым-қатынасының әсерінен туындаған күнделікті тартыс пен психологияны көрсетуде қарастырамыз. Оқырман назары қазақ қоғамының әлеуметтік-тарихи даму ерекшеліктеріне, дүниенің ұлттық суретіне, ақынның дара талантына аударылады. А.С.Пушкин мен Абай Құнанбаевтың көркемдік стиліндегі Онегин бейнесін психологиялық көрсетудегі жалпы және жеке тұлға талданады. Екі классиктің көркемдік стильдерін салыстыру қазақ кемеңгерінің шығармашылық даралығын, бірегейлігін және оның ұлттық және әлемдік әдебиеттің жалпы дамуындағы орнын танып-білуге ықпал етеді деген болжам айтылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




