Шарттылық қатынастағы құрмаластардың каузальдық қатынастар жүйесіндегі орны
Қаралымдар: 100 / PDF жүктеулері: 103
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-61-68Кілт сөздер:
тіл білімі, синтаксистік категориялар, когнитив, қазіргі ғылым, функция, байланысАңдатпа
Тілдік бірліктердің пайда болуы мен қызметінің негізгі мақсаты да, тудырушы күші де адамдар арасындағы қарым-қатынасқа белгілі бір мақсатта қызмет ету болғандықтан, тілдің ішкі табиғатын тану мақсатындағы ізденістердің осы мәселемен, яки функционалдық бағыттағы зерттеулермен тікелей байланысты болуы да түсінікті болмақ. Сондықтан да біз бірыңғай құрылымдық бағыттағы ізденістерді тіл білімі дамуының алғашқы кезеңдеріндегі және тілдік материалды тереңірек тану мақсатына байланысты әр алуан практикалық қажеттіліктерден пайда болған деп білеміз. Ал тіл білімі дамуының қазіргі кезеңіндегі дүниетанымдық сипаттағы (когнитивтік) тіл білімі мәселеге антропоцентристік принцип негізінде келе отырып, тілдік материалды адамзаттың не белгілі бір этностың ойлау, дүниені тану, оны тіл арқылы бейнелеу ерекшеліктері тұрғысынан қарастыруды мақсат етеді. Бұл бағыт, әрине, алғашқы екі түрлі бағытқа қарағанда да өзінің жаңашылдығымен, ғылыми тереңдігімен ерекшеленеді. Дүниені танушы, оны тіл арқылы бейнелеуші белсенді субьектінің – адамның орталық фигура ретінде көрінуімен ерекшеленетін бұл бағыттағы зерттеулерде тілдік құбылыс өзінің о бастағы пайда болуындағы негізгі принциптері тұрғысынан, яки дүниені ойлау арқылы тану және осы танымдық түсініктерді тіл арқылы бейнелеу принциптері тұрғысынан зерттеледі. Әрине, қазіргі ғылымда мұның өзі әр қалай түсіндіріліп жүрген жайы бар. Шарттылық қатынастағы құрылымдық-семантикалық бірліктерді тереңдей тануда осы шарттылық қатынастың табиғат пен жаратылыс-болмыста және адамзатқа тән ментальдық болмыста қалай көрінетіні мен олардың тілде қалай бейнеленетіні аса маңызды деп танылады.