Британдық баспасөздегі театрлық шолудың лингвопрагматикалық аспектісі
Қаралымдар: 345 / PDF жүктеулері: 238
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-22-33Кілт сөздер:
театрлық шолу, бағалау, локуациялық сөйлеу актісі, иллокуттық сөйлеу әрекеті, перлокуттық сөйлеу әрекеті, тілдік құралдарАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – Британдық баспасөздегі театрлық шолудың лингвопрагматикалық аспектісін зерттеу. "Шолу" термині көбінесе жазудың бірнеше түрін, соның ішінде халықаралық жаңалықтар мен кітап жаңалықтарына шолу жасау; әр түрлі өнер түрлеріне (театр, кинематография т.б.) және ғылымға (публицистикалық) шолулар жасау үшін қолданылады. Театрды бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе театрлық шолулар түрінде жариялау оның тақырыптары мен мақсаттарының мамандандырылған сипатына байланысты арнайы тілдік құралдарды қажет етеді. Тілдік құралдарды және олардың көпфункционалды театрлық шолуды құрудағы рөлін қарастыру көптеген мәселелерге байланысты өзекті болып көрінеді. Кейбір сауалдарға БАҚ пен жарнаманың өзара әрекеттесуі, мәдени-эстетикалық мәселелер, сондай-ақ театрлық дискурста қолданылатын тіл стиліндегі негізгі тенденциялар жатады. Зерттеу аясында британдық баспасөздегі театр қойылымдары туралы сыни пікірлер лингвистикалық тұрғыдан талданады. Пікірлердің тілдік ерекшеліктеріне, сондай-ақ сыншы тұлғасын, оның аудиториясының бейнесін жазба сөз арқылы жеткізу тәсілдеріне ерекше көңіл аударылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




