Ахмет Байтұрсынұлы ғұмырнамасындағы Орынбор кезеңі: кейбір беймәлім мәліметтер мен деректер (ғылыми-танымдық экспедиция материалдары бойынша)
Қаралымдар: 231 / PDF жүктеулері: 155
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-18-27Кілт сөздер:
А. Байтұрсынұлының ғұмырнамасы, Орынбор кезеңі, Алаш автономиясы, архивтік деректер, Тургайская газета, Қазақ ырымдары мен мақалдары, жандармерияАңдатпа
Орынбор қаласында ағартушы ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері А. Байтұрсынұлы ғұмырының едәуір бөлігін өткізді. Ол мұнда Мұғалімдер мектебінде білім алады (1891-
1895), патша үкіметі сотының үкімімен әкімшілік жазасын өтейді (1910-1912), «Қазақ» газетін
шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болады (1913-1918), төңкеріс жылдары, алдымен, ұлттық Алаш (1917-1919), кейін кеңестік Қырғыз (Қазақ) автономиясын құру істеріне белсене араласады (1920-1925). Мақала ағартушы А. Байтұрсынұлының ғұмырнамасындағы Орынбор
кезеңіне байланысты архивтік құжаттарды талдауға бағытталған. Талдауға арқау болған құжаттар
– бұған дейін ғылыми айналымға енбеген дерек көздері. Оның қатарына патшалық Ресей Ішкі істер
министрлігі жандармериясының анықтамалары, 1895 жылы «Тургайская газета» басылымында жарияланған «Киргизские приметы и пословицы» атты фольклор тақырыбындағы мақаласы, 1917-
1918 жылдардағы төңкеріс кезеңдерінде ВЦИК төрағасы М. Калининнің алдында сөйлеген сөзі,
«Қазақ» газетінің тарихына байланысты деректерді толық атауға болады. Ағартушы ғалымның
өмірбаянының маңызды кезеңін құрайтын Орынбор кезеңіне байланысты жаңадан табылып отырған беймәлім деректер мен мәліметтер Ахметтануда өзіндік тарихи, әрі рухани маңызы бар құнды
дүние деп санауға болады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




