Ежелгі түркі халықтары әдебиеті мен фольклорындағы әлемдік құрылым моделі
Қаралымдар: 291 / PDF жүктеулері: 201
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-134-1-23-36Кілт сөздер:
көне түркі әдебиеті, мифология, космогониялық мифология, аламның үш қабатты моделі, мифологиялық бейнелер, Көк Тәңрі, Ұмай, Ерлік хан, қасиетті Жер-СуАңдатпа
Көнетүркілік әдеби көздер мен фольклор деректері бойынша ғаламның тік үш қабатты моделі талданған. Көк Тәңірінің жоғары әлемі, қасиетті Жер-Судың орта әлемі, Ерлікханның қол астындағы
жер асты әлемі Орхон-Енисей жазбалары, «Ырық бітік» және фольклорлық дереккөздер негізінде зерттелді. Ғалам құрылымы туралы көне түркі мифтері мен Көк Тәңірі, қасиетті Жер-Су, Ұмай, Ерлік хан
бейнелері салыстырыла қарастырылды. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінен көрініс беретін
түркілік дүниетаным сараланды. Қараш, Маттир, Шыңғай, Пірімхан, Бадиш би, Ябаш, Темірхан, Ұшархан, Керейхан, өлім рухы Бөрт және т.б. мифологиялық бейнелер туралы пайымдаулар айтылды. Ежелгі
түркі халықтары дүниетанымындағы ғалам құрылымының үш қабатты моделі қайта жаңғыртылды. Қайта
жаңғырту кезінде мифологиялық бейнелер пантеоны қабаттар бойынша берілді. Күлтегін, Онгин эпита фиялары, жартастағы Гурвалжин-Ула жазбасы, Алтынкөл жазбасы, «Ырық бітік» кітабы мәтіндеріндегі
ғалам құрылымының моделі зерттелді. Көк Тәңірі, Ұмай, Ерлік ханның мифологиялық бейнелері жазба
және ауызша деректер бойынша бөлек қарастырылды. «Ырық бітіг» кітабындағы XII, IV астарлы нақыл сөздер егжей-тегжейлі талданды. Сондай-ақ, «Диуани луғат-ит түрк» және түркі руникалық ескерткіштеріндегі «Тәңрі» және «Кам» (шаман) сөздері салыстырыла сараланады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




