Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріндегі адамдық мұрат пен имандылық негіздері*
Қаралымдар: 523 / PDF жүктеулері: 1817
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-134-145Кілт сөздер:
Адам факторы, ұлт, дін, иман, дәстүр, дүниетаным, руханият, хикмет, софылық идеяАңдатпа
Мақалада түркі жұртының рухани атасына айналған Қожа Ахмет Ясауидің өміртарихы мен асыл мұрасы – «Диуани Хикмет» («Даналық сөздер» - «Хикметтер») кітабының табиғаты мен тағылымы, ондағы Алланың ақиқат жолы, адамдық мұрат пен адамгершілік қағидаттары, қоғам мен заман шындығы, дүние дидары, дін-діл мәні, ар-иман иірімі, ақыл-парасат өлшемі, исламдық тәрбие, софылық идея, ел-жер қадірі, дәстүр мен дүниетаным арналары, жауапкершілік жүгі, жастық-достық сипаты, кісілік пен кішілік, сыйластық сырлары, тәлімдік сипаттар кең түрде сөз етіледі.
Қ.А.Ясауидің данышпандық дидары, ғұламалық ғибраты, кемеңгерлік келбеті – «Хикметтер» кітабындағы Отан мен отбасы құндылықтарымен байланыстырылып, Жаратушыны тану мен құрмет тұту, Аллаға сиынып, оның қасиет-құдіретін білу, адамшылық жолға адалдық таныту ісі төңірегінде жан-жақты қозғалады. Қ.А.Ясауи әлемінен анық аңғарылатыны, адамдық мұрат пен игілікті істі ардақтайды. Адамгершілік, әділеттілік, жасампаздық, жауапкершілік, мейірімділік, ізгілік, сыйластық сырына еркін еніп, қоғамдық-әлеуметтік мәні, тарихи-мәдени арналары мен көркемдік-рухани сипаты кең түрде ашылады. Аллаға сыйынып, оның қасиеті мен құдіретіне мән береді. Ислам әлемі мен адами мұраттарға ден қойылады.
Қ.А.Ясауи «Хикметтер» арқылы жалпыадамдық мәселелерді қозғап, Ислам жолын уағыздап, Алла ісіне адалдық танытады. Ақиқат пен Тарихат жолын, софылық идея мен шариғат шарттарын қатаң сақтайды. Елдік мүдде, ұлттық мұрат, руханият мәні мен тұғыры, сабақтастығы сақталады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




