Қазақ шешендері шығармашылығындағы сөз айшықтарының танымдық қыры
Қаралымдар: 287 / PDF жүктеулері: 152
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-156-166Кілт сөздер:
сөз айшықтары, егіздеу, инверсия, шешендік сөздер, танымАңдатпа
Мақалада қазақ шешендерінің шығармашылығындағы сөз айшықтарын (фигура) әртүрлі контексте қолданудың маңыздылығы және қазақи ұлттық санамен бірге жетіліп, дәстүрлі түрде қалыптасқан лингвотанымының мәні мен мағынасы ашылып, талданды. Шешендік сөздерде қолданыс тапқан айшықты элементтер адамды тәрбиелеудің, өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастырудың маңызды құралы екендігі сөзсіз. Қазақ шешендері сөз айшықтарын қолдануда шешендерге тән сендіру өнерін тиімді қолдануды мақсат ететіндігі және сөз айшықтарының соның ішінде, параллелизм (егіздеу), риторикалық сұрақтармен инверсиямен бірлікте де жеке тұрып та сөз айшығын жасағандығы айқындалды. Мақалада егіздеудің жеті түрі сөз болып, оның өзіндік ерекшеліктері сараланды. Қазақ шешендері шығармашылығында сөз айшықтарын қолданудағы егіздеудің (параллелизм) көпқырлылығы дәлелденді. Бір қасиетке қатысты сөздер дараланып, қатар егізделіп, әр қилы қасиеттер (жағдайлар) қатар алынып, жұптасып айшықталады және шешен танымында қалыптасқан ой толымды, күрделі түрде езізделу арқылы айшықталады. Әлемдік лингвистикада сөз айшықтарын жасау жолдары мен олардың атауларына зерттеушілердің пікірлеріне баса назар аударылды және зерттеу нәтижелері сараланып, қазақ шешендерінің шығармашылығы осы бағытта сарапталды. Сөз айшықтарын қолданудағы қазақ шешендері танымының маңызды қырлары арнайы мысалдармен талданып, тұжырым жасалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




