The principle of historicism in the works of A. Kekilbayev


Views: 62 / PDF downloads: 94

Authors

  • S.T. Kobzhasarova L.N. Gumilyov Eurasian National University
  • A.Kh. Khamidova L.N. Gumilyov Eurasian National University

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-196-201

Keywords:

historicism, psychologism, folklore traditions, translation problems

Abstract

Мақалада классикалық дәстүр мәселесі және оның шығармашылық дамуы, баюы, тарихшылдық принципіне деген көзқарастың өзіндегі дәйекті байланыстары мен сапалық айырмашылықтары қарастырылады. Тарихшылдық – толыққанды реалистік кейіпкер жасаудың қажетті шарты. Тарихшылдықты авторлар қазақ жазушысы Ә.Кекілбаевтың ерте прозасының материалы бойынша жан-жақты
қарастырады. Әртүрлі эстетикалық жүйелерге жататын шығармаларды нақты талдау негізінде авторлар
реалистік өнердің қалыптасуы мен дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі кейіпкерлер мен жағдайлардың өзара әрекеттесу механизмін көрсетуге, ұлттық мінезді оның тарихи-эстетикалық болмысында көрсетуге
ұмтылады. Нақты мысалдар бойынша Ә.Кекілбаевтың жаңашылдығы ашылып, қазақ әдебиетіндегі тарихшылдық ұстанымының идеялық-эстетикалық баюының қисыны қадағаланады. Бірыңғай себеп-салдарлық байланыста қазіргі, жоғалмаған өткен және болжамды болашақты түсіну; бұрынғы, адамзат
тәжірибесінен әлеуметтік заңдылықтарды іздеу; дәуір жағдайында тұлғаны әлеуметтік-психологиялық
зерттеу – осының барлығы дәйекті тарихшылдық тұрғысынан шындықты көркемдік тұрғыдан түсінудегі
басты нәрсені анықтайды. Ә.Кекілбаев прозасында тарихшылдық поэтикасының негізгі элементтерінің,
тарихи мотивтер мен образдардың болуына талдау жасалды. Ә.Кекілбаев шығармаларының түпнұсқалары мен аудармаларындағы тарихи мазмұндағы жалпы, типологиялық, сонымен қатар дара, бірегей
негізгі формалар мен образдар ашылды. Жазушының философиялық-эстетикалық деңгейде шешкен
әлеуметтік-адамгершілік мәселелерінің ауқымы жан-жақты қамтылған. Өткеннің өнегелік тағылымдары
арқылы бүгінгі күнді ұғындырады. Сонау өткенді, ата-бабаның көне тарихын суреттей отырып, адамгершілік мәселелерін терең жалпыадамзаттық мәнімен қозғай отырып, жазушы заман талабымен үндеседі.

Published

2022-12-30

How to Cite

Kobzhasarova С. ., & Khamidova А. (2022). The principle of historicism in the works of A. Kekilbayev. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series, 141(4), 196–201. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-196-201

Issue

Section

Статьи