Қазақ және түрік тілдеріндегі тыныс алу жүйесіне қатысты тұрақты тіркестердің ерекшеліктері
Қаралымдар: 203 / PDF жүктеулері: 101
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-146-152Кілт сөздер:
Тіл білімі, анатомия, ішкі организм, концепция, респираторлық жүйе, фразеология, соматизмдерАңдатпа
«Мәңгілік елдің» мәңгілік тілі ретінде қарастырылып келе жатқан тіліміздің ерекше байлығын көрсететін тұрақты тіркестер осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде түрлі аспектіде
зерттеу нысанына алынып келеді. Бірақ барлығы дерлік зерттелді деуге болмас. Бұл, әсіресе анатомиялық атауларға байланысты, оның ішінде тыныс алу жүйесіне қатысты атаулар ұйытқы болған
тұрақты тіркестер зерттеу нысаны ретінде тілдік тұрғыдан арнайы қарастырылмаған еді. Ұсынылған мақалада сөз болған лексикалық қабаттың қолданыс ерекшелігі жан-жақты сараланады.
Сол себепті салыстырылып отырған қазақ және түрік тілдеріндегі тыныс алу мүшелерінің атауларына қатысты тұрақты тіркестердің адам факторы тұрғысынан мағыналас топтарға жіктелуі оның
ішкі мағыналық ерекшеліктерін айқындаудың ұтымды әдісі ретінде саналады.
Мақала ішкі ағза атауларына байланысты соматикалық фразеологизмдердің жоғарыда
аталған тармақтарының жеке-жеке қолданыс ерекшелігін көрсету арқылы қазіргі қазақ әдеби тілінен алатын орнын анықтау мақсатында жазылды. Ол үшін мағыналық жіктерге бөлу әдісі қолданылды. Яғни, олардың тарихи кезеңдерде өз дәрежесін жоғалтпай, қазіргі әдеби тілімізге дейін
жетуі екі саланың бір-бірінен алшақ кетпегендігімен дәлелденді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




