Қазақстан және Ресей әдебиетшілері, суретшілері шығармашылығында «жол/сапар» сарынының түсіндірілуі
Қаралымдар: 214 / PDF жүктеулері: 176
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-104-122Кілт сөздер:
дүниені қабылдау, адам, кеңістік, уақыт, қозғалыс, статика, көркем мәтін, бейнелеу өнері, өмір пәлсапасыАңдатпа
Мақалада жол/сапар лексемалары көркемөнер мәтінінің компоненттері, орыс және
қазақ халықтары әлемінің кеңістіктік үлгісінің құраушылары ретінде қарастырылады. Зерттеудің
жүйелі, тарихи-салыстырмалы өнертану әдістері негізінде көркем проза, өлең-жыр, кескіндеме
шығармаларының мазмұнын ашып, тарихи ақиқатқа, суретшілер мен әдебиетшілердің мен стиліне
байланысты оның көптеген талдауларын атап өтеді. Зерттеуде Қазақстан және Ресей жазушылары мен ақындарының көркем прозасындағы жол/сапар сарыны ежелден келе жатқан тіршілік мәселелері туралы пәлсапалық ойлардан жалған болмыс кеңістігіндегі сапардың мифологиялық ұғымына
дейін өзгергенін пайымдайды. Орыстың суретшілері жол/сапар сарынын өмірді көру тәсілі, бақыт
туралы арман, өмірлік жолды таңдау ретінде пейзаж, сюжетті-тақырыптық, жанрлы суреттерде бейнелеген. Қазақ кескіндемешілері жол/сапар сарынын шынайы, пәлсапалық-символикалық бағыттардағы көшпелі салт заманы мен кеңістігінің үйлесімділігіне енгізген. Сапар тақырыбы әлемнің
түрлі мәдениетін біріктіреді
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




