Көркем әдебиеттегі фэнтези жанрының шығу төркіні мен түрлері
Қаралымдар: 499 / PDF жүктеулері: 1242
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-165-171Кілт сөздер:
фэнтези жанры, архетиптік сюжеттер, магия, айдаһар, алып дәу, жын-перілер, жанр, кеңістік, оқиғаАңдатпа
Мақалада фэнтези жанрының шығу төркіні қарастырылып, шығарма
мазмұнына өзек болатын архетиптік сюжеттер мәселесі көтеріледі. Ғылыми
фантастика мен фэнтези жанрының жанрлық өзгешелік сипаттары айқындалады.
Фэнтези жанрындағы өзгеше астралды, параллель әлемнің көркемдік шындық
әлеміне айналып, өзінің көркемдік заңдылықтарымен өмір сүруінің алғышарттары
түйінделіп, тұжырымдар жасалады. Фэнтезидің ертегілерден өзгешелігі мұндағы
таңғажайып оқиғалар суреттелетін әлемде қалыпты жағдай ретінде бейнеленіп,
ақиқат шындықтағы табиғат заңдылығы сияқты жүйелі көрініс табады.
Мақала мазмұнында әлем әдебиетіндегі және қазақ әдебиеті фэнтези жанрының
көрнектіөкілдерініңшығармаларынашолужасалады. Негізгібөлімдефэнтезижанрының
ғылыми анықтамасы, оның қазіргі кездегі негізгі жанрлық түрлері – эпикалық, басқаша
атасақ, батырлық немесе қаһармандық фэнтези, ертегілік фэнтези, «қара» фэнтези,
нормалық фэнтези, пародия фэнтезиі, қала фэнтезиі, ғылыми фэнтези, мистикалық
фэнтези туралы тұжырымдар жасалады. Фэнтези жанрының тууына түрткі болған
мифологиялық сюжеттер мен эпикалық дастан-жырлардың көркемдік генезисіне
назар аударылады. Фэнтези жанрындағы шығармалардың сюжеттік кеңістігіндегі
реалды, мифологиялық, эпикалық, фантастикалық кеңістік сипаттары талданады.
Қазақ фэнтезиінің қалыптасып, дамуына тоқтала келіп, оның көркемдік деңгейі
зерделенеді. Қорытынды бөлімде мақаладағы түйінді пікірлер сараланып, тұжырымдар
жасалады. Қазіргі фэнтези жанрының алдында тұрған мақсат-міндеттер көрсетіледі
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




