М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Қаралымдар: 353 / PDF жүктеулері: 1831
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-60-69Кілт сөздер:
көріктеуіш тілдік құралдар, бейнелеуіш құралдар, метафора, эпитет, теңеу, лингвомәдениеттануАңдатпа
Мақалада тілдік құралдардың лингвомәдени сипаты қарастырылған. Көріктеуіш құралдар қай ұлттың әдеби тілінде болсын негізгі сөздік қорына, сөз қолдану
шеберлігі, яғни шешендік өнерінің дамуы мен сол ұлт тілінің ақпараттарды жеткізу
мүмкіндігіне байланысты түзіліп қалыптасады. Оның өзгешілігі халықтың айналадағы
дүниені көркемдік ой-сезіммен қабылдауына, яғни бейнелі ойлау жүйесіне, оның алуан
түрлі болып келуіне байланысты. Қазақ тіліндегі көріктеуіш құралдардың жалпы табиғатын, көркем туындыда (мәтінде, мәнмәтінде) қолданылу ерекшеліктерін және
қолданылуының себептерін анықтау барысында олардың құрамындағы әрбір тілдік
бірліктің мағыналық құрылымын, семантикасын, тіркесімділік қабілетін, тіркескен
сөздің семантикалық интерпретациясын, тіркесім құрамындағы мазмұндық семантикалық қатынастарды зерделеу маңызды және қажетті. Бұл арқылы мәтін авторының лингвистикалық және лингвомәдени құзыреттілігінің деңгейін бағамдауға болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




