І. Есенберлин шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі


Қаралымдар: 28 / PDF жүктеулері: 30

Авторлар

  • А.Т. Садықова Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
  • Б.Н. Қабдырашева Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-125-131

Кілт сөздер:

трилогия, роман, тарихи тұлға, қазақ хандығы

Аңдатпа

Мақалада жазушы І.Есенберлиннің тарихи тақырыпты шынайы түрде ашып суреттеуі
және осы жолда өмірде болған тұлғалардың портреттерін жасақтаудағы шеберлігі мен ізденістері, жазушының шеберлігі мен көркемдік аспектісі қарастырылады.
Қаламгер әрбір тарихи тұлғаның бейнесін сомдауда оқырманға анық жеткізу үшін том-том тарихты
түгелдей ақтарып, тарихи құжаттар мен жылнамаларға, халық шежіресіне және өзімен бір заманда өмір сүрген тарихшылардың пікіріріне сүйенген. Бұл жазушы шығармашылығында кездесетін тұлғалар бейнесінің
барынша шынайылықпен суреттелгенін көрсетеді. Тарих пен көркем шығарманың арақатынасын ашу –
ежелден назар аударылып келе жатқан ғылыми мәселе. Ол жөнінде алғаш тереңірек сөз қозғаған Аристотель «Поэтикасында»: ....Ақынның мақсаты – шынымен болғанды емес, не болуы мүмкін, мүмкіндіктен әлде
кездейсоқтан ба, міне, осыны жеткізу. Тарихшы мен ақынды бір-бірінен өлең өлшемін колданады, екіншісі
қолданбайды деп ажыратпаймыз; осыған Геродоттың шығармаларын жатқызуға болар еді, сонда ғана олар
өлшеулі, болмаса өлшеусіз тарих болған еді; айырмашылығы мынада: біріншісі өмірде болған оқиғаны айтса, екіншісі болуы мүмкін болған оқиғаны айтады. Демек, Ілияс Есенберлин шығармаларындағы тарихи тұлғалар өмірдегі тарихи тұлғалардың көшірмесі емес, қазақ тарихына тікелей қатысты оқиғалардың кейіпкерлері.
Мейлінше қаныққан образдар мен жинақталған бейнелік болмыс.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Садықова, А. ., & Қабдырашева, Б. (2018). І. Есенберлин шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 122(1), 125–131. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-125-131

Журналдың саны

Бөлім

Статьи