Гуманитарлық білім парадигмасындағы «нарратив» түсінігі
Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 43
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-115-128Кілт сөздер:
нарратив, нарратология, экспансионизм, экспланаторность, прагматикалық аспект, лексемаАңдатпа
Зерттеу гуманитарлық білім жүйесінде «нарратив» түсінігінің қолдану мәселесін зерттеуге арналды. Қойылған мәселенің шеңберінде «нарративтің» мағыналық-функционалдық
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, сондай-ақ «нарративтен» құралған сөздер мен тіркестерді қамтитын ұғымдар қарастырылады. Түрлі эмпирикалық материалдардың негізін философтар, психологтар, когнитивтік ғалымдар, филологтар, тіл мамандары, әдебиеттанушылардың «нарратив» ұғымын
пайдаланған ғылыми еңбектері құрады. Тілдік құбылыстың ерекшеліктерін оқшаулау және сипаттау кезінде прагматикалық тәсіл қолданылды. Аталған ұстаным аясында ұсынылған тұжырымдаманың философиялық және филологиялық түсінігін анықтауға мүмкіндік беретін негізгі тармақтар
анықталды. Дәл осы түсініктер негізінде «нарративтің» семантикалық толтырылуы қабылданады
және түсіндіріледі, ал бұл өз кезегінде пәнаралық зерттеулер үшін аса маңызды.