Синтагма – тіл теориясы мен танымды байланыстырушы бірлік
Қаралымдар: 833 / PDF жүктеулері: 148
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-141-150Кілт сөздер:
атауыш сөздер, логикалық ұғым, когнитивті семантика, лексикалық мағына, грамматикалық байланыс, коммуникативті семантика, синтаксистік бірлік, сөйлеу бірлігі, стереотип, норматив, оккозионалАңдатпа
Мақалада сөйлеу ағымындағы сөздердің байланысуынан синтагмалық құрылым
түзілетіні анықталады. Синтагмалық құрылымға атауыш сөздер, лексикалық мағына, когнитивтік
семантика мен олардың грамматикалық байланысу жолдары негіз болатыны дәлелденеді. Синтагма
грамматикалық амал-тәсілдер арқылы байланысып, коммуникативті семантиканы қалыптастыратын құбылыс ретінде ерекшеленеді. Сондықтан әрі сөйлеу бірлігі, әрі синтаксистік бірлік ретінде
танылады. Сөйлеу бірлігі ретінде танымның нысанына, синтаксистік бірлік ретінде тілдің нысанына жатқызылады. Сондықтан синтагма тіл мен танымды байланыстырушы бірлік ретінде қарастырылдады. Логикалық ұғым, танымдық (когнитивтік) семантика, лексикалық мағынаның синтагма құрамындағы қызметіне талдау жасалады. Олар синтагмалық құрылымның стереотиптерін
анықтауға негіз болатыны көрсетіледі. Синтагма құрамында табиғи және әлеуметтік байланыстағы
сөздердің тіркесетіні дәлелденеді.
Табиғи байланыстағы сөздердің тіркесінен бір ұғымның мәнін ашатын сөздердің синтагмасы қалыптасатыны, әлеуметтік байланыстағы сөздердің тіркесінен әртүрлі ұғымды білдіретін
сөздердің синтагмасы қалыптасатыны анықталады. Олар нормативті синтагмалар деп танылады.
Сонымен қатар, экспрессивті-эмоционалдық мәндегі сөздердің де синтагмалық құрылым түзетіні
көрсетіледі. Олар оккозионалды синтагмаларға жатқызылады. Сонымен бірге, мақалада сөйлеу мен
тілдің ұқсастықтары мен айырмашылықтары және олардың лингвистикада алатын рөлі анықталады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




